Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде 2023 жылдың 1 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысы 2020 жылғы  29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2023 жылы 1 тоқсаны бойынша Министрлікке 1767 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға артық.

Жоғары тұрған ұйымдардан қарауға 29 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

ҚР Президенті Әкімшілігі – 9 бірлік;

ҚР Үкіметінің Аппараты – 20 бірлік.

Барлық өтініштерге заңнамада белгіленген мерзімде жауаптар ұсынылды.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне заңнамада Мәселелердің сипаты бойынша өтініштер келесідей бөлінді:

мұнай саласы-27,5 %;

энергетикасы, электрмен және жылумен жабдықтау, атом саласы, ЖЭК--25 %;

газбен жабдықтау – 21,5 %;

жер қойнауын пайдалану – 16,3 %;

басқалары - 9,7 %.

Дата публикации
10 апреля 2023