«Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17066 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін құру, орналастыру және пайдалану талаптарда:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. «Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның құжаттарды қараудың және рұқсат берудің жалпы мерзімі он үш жұмыс күнін құрайды.

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді уәкілетті орган «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;

5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде су қорын пайдалану және қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарға, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі, қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, олар жеті жұмыс күні ішінде теңіз объектісінің көрсетілген географиялық координаттарын құру мен ауданда орналастырудың орындылығы немесе орынсыздығы тұрғысынан келіседі.

Келісуші уәкілетті органдар белгіленген мерзімде жауаптар ұсынбаған жағдайда сұрау салу ескертусіз келісілген болып есептеледі.»;

6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген уәкілетті органдардың жауаптарын алғаннан кейін төрт жұмыс күні ішінде Кодекстің және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестікке өтінішті қарайды, оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің «жеке кабинетіне» рұқсатты ресімдейді және жібереді немесе өтініш берушіге нысан бойынша рұқсат беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді.

Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат беруден дәлелді бас тарту жолымен рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;

мынадай редакциядағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпарат бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылады www.gov.kz «Энергетика министрлігі» бөлімінде.»;

18 тармақ алып тасталсын

20 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу үшін жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) пайдалануға бастапқы қабылдауды Қазақстан Республикасының аумағында құру аяқталғаннан кейін апсырыс беруші осы Қағидалардың 35-тармағын ескере отырып жүзеге асырады.

Каспий теңізінің қазақстандық секторының белгілі бір учаскесі (келісімшарттық аумағы) шегінде монтаждау аяқталғаннан кейін жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) пайдалануға беруді жер қойнауын пайдаланушы құрған комиссия жүзбелі жабдықтың меншік иесінің (жалға алушының) (жүзбелі бұрғылау қондырғысының кеме иесінің) немесе ол уәкілеттік берген адамның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өкілінің қатысуымен жүзеге асырады.»;

23, 28, 29, 30 және 32-тармақтар алып тасталсын;

37 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдыққа (жүзбелі бұрғылау қондырғыға) тапсырыс беруші «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне террористік көріністерге ден қою функциясын іске асыруға көмек көрсетеді.»;

1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

5 және 6-қосымша алып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Индустрия және

инфрақұрылымдық даму министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Бұйрық
Дата публикации
29 марта 2023