«Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. «Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17096 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

           бірлескен бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

           «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 129-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 178-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;

           Аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

           1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

           2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

           3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 

  1. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазым

 

ТАӘ

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Бірлескен бұйрық жобасы
Дата публикации
03 марта 2023