"«Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 811 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" бұйрықтың жобасы

«Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 811 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы

23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 811 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12678 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) қызметін осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

2) осы бірлескен бұйрыққа: 

2-қосымшаға сәйкес ықтимал радиациялық қауіптілігі I және II санаттағы объектілермен;

3-қосымшаға сәйкес ықтимал радиациялық қауіптілігі III санаттағы объектілермен;

4-қосымшаға сәйкес ықтимал радиациялық қауіптілігі IV санаттағы объектілермен қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парақтары бекітілсін.»;

көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Атом энергиясы саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ықтимал радиациялық қауіптілігі I және II санаттағы объектілермен қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағымен толықтырылсын;

көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ықтимал радиациялық қауіптілігі III санаттағы объектілермен қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ықтимал радиациялық қауіптілігі IV санаттағы объектілермен қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 747 және

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 811 бірлескен бұйрығына

1-қосымша

Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі  I, II, III және IV санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерді (бұдан әрі – атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілер) тәуекел дәрежелері бойынша жатқызу мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi №3 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру және тексеру парақтарының нысанын бекіту қағидаларына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Өлшемшарттарда пайдаланылатын түсініктер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнамаға сәйкес қолданылады.

      3. Өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптасады.

2-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары

      4.  Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары ықтимал радиациялық қауіп-қатердің санатын негізге ала отырып анықталады:

I санатқа олардың  авария кезінде  санитариялық-қорғаныш аймағынан тыс жерлерде  халыққа радиациялық әсер етуі мүмкін объектілер жатады;

II санатқа  авария кезіндегі радиациялық әсері олардың санитариялық-қорғаныш аймағының аумағымен шектелетін объектілер жатады;

ІІІ санатқа радиациялық әсері объектінің аумағымен шектелетін объектілер жатады;

ІV санатқа радиациялық әсері сәулелену көздерімен жұмыс жүргізілетін үй-жайлармен шектелетін объектілер жатады.

     

Жоғары тәуекел дәрежесінің тобына ықтимал радиациялық қауіп-қатер санаттары бойынша субъектілер (объектілер), сондай-ақ атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет жатады:

1) I санат - атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілер (объектілер) және қызмет:

Атом станциялары.

2) II санат атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілер (объектілер) және қызмет:

ядролық отын циклінің объектілері (Атом станцияларынан басқа);

зерттеу ядролық реакторлары;

сыни жинақтар;

субкритикалық жинақтар.

 

  6. Орташа тәуекел дәрежесінің тобына ықтимал радиациялық қауіп-қатер санаттары бойынша субъектілер (объектілер), сондай-ақ атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет жатады:

      1) III санат – субъектілер (объектілер) және атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет:

     табиғи уран өндіретін және өңдейтін қондырғылар;

     жоғары активті радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері;

     орташа активті радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері;

      төмен активті радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері;

      радионуклидті көздерді сақтау пункттері;

     жоғары активті радиоактивті қалдықтарды көму пункттері;

     орташа активті радиоактивті қалдықтарды көму пункттері;

      төмен активті радиоактивті қалдықтарды көму пункттері;

      пайдаланылған радионуклидті көздерді көму пункттері;

      изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдар;

      радиоактивті заттар;

      радиофармпрепараттар;

      нейтрон генераторлары;

      құрамында уран бар заттар;

      құрамында торий бар заттар;

      табиғи уранның қайта өңделген өнімдері;

     белсенділігі көрсетілген жабық радионуклидті көздер;

     жоғары активті радиоактивті қалдықтар;

     орташа активті радиоактивті қалдықтар;

     төмен активті радиоактивті қалдықтар;

     радиоизотоптық спектрометрлер, талдағыштар, датчиктер, өлшеуіштер;

     стационарлық радиоизотоптық дефектоскоптар;

     көшпелі радиоизотоптық дефектоскоптар;

     қол жүгін, багажды, көлікті, материалдарды, заттарды жете тексеруге арналған радиоизотоптық қондырғылар;

     энергиясы 10 МэВ жоғары электрондарды үдеткіштер;

     энергиясы 2 МэВ/нуклонға дейін иондарды үдеткіштер;

     энергиясы 2 МэВ/нуклоннан жоғары иондарды үдеткіштер;

     медициналық гамма-терапиялық қондырғылар;

     медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдық;

     ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау;

     радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу;

      2) IV санат – субъектілер (объектілер):

    стационарлық рентгендік дефектоскоптар;

    көшпелі рентгендік дефектоскоптар;

    энергиясы 10 МэВ дейін электрондарды үдеткіштер;

    атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету.

 

     

 

     7. Төмен  тәуекел дәрежесінің тобына ықтимал радиациялық қауіп-қатер санаттары бойынша субъектілер (объектілер), сондай-ақ атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет жатады:

      IV санат – субъектілер (объектілер) және атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет:

     рентгендік спектрометрлер, талдағыштар, датчиктер, өлшеуіштер;

     қол жүгін, багажды, көлікті, материалдарды, заттарды жете тексеруге арналған рентген жабдығы;

     адамды жеке-дара жете тексеруге арналған рентген жабдығы;

     зарядталған бөлшектерді медициналық үдеткіштер;

     жалпы мақсаттағы медициналық рентген қондырғылары;

     медициналық рентгендік дентальдық жабдық;

     медициналық рентгендік маммографиялық қондырғылар;

     медициналық рентгендік ангиографиялық жабдық;

     медициналық компьютерлік рентгендік томографтар;

     медициналық рентгендік терапиялық жабдық;

     медициналық рентгендік симуляторлар;

     ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау;

     жүргізілген ядролық жарылыстар нәтижесінде ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызмет;

ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау.

       8. Жоғары немесе орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты реттеуші мемлекеттік органдардың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігін тексеру), бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты талаптарға сәйкестігіне тексеру, Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      5-тармақта көрсетілген бақылау субъектілері (объектілері) және атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет үшін тексерулер жүргізудің кезеңділігі жылына бір реттен жиі, 6-тармақта көрсетілген тексерулер екі жылда бір реттен жиі, 7-тармақта көрсетілген тексерулер үш жылда бір реттен жиі  жүргізілмейді.

3-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

      9. Субъективті өлшемшарттар сақталмауы атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарына сәйкес белгілі бір бұзушылықтар дәрежесіне сәйкес келетін тексеру парақтарының талаптары негізінде әзірленген. Тексеру парақтарындағы әрбір талапқа қатысты бұзушылық дәрежесі – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелер айқындалады.

      10. Өрескел бұзушылық – артық сәулеленуге, аумақтың және қоршаған ортаның радиациялық ластануына және (немесе) иондаушы сәулелену көздерін басқаруды жоғалтуға әкеп соғатын ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарын (бұдан әрі – талаптар) бұзушылық.

      Елеулі бұзушылық – адам денсаулығына зиян келтіруге алып келетін талаптарды бұзушылық.

      Болмашы бұзушылық – елеулі және өрескел бұзушылықтарға жатпайтын, алайда жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне залал келтіруге алып келетін талаптарды бұзушылық.

      11. Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100-ге теңестіріледі

      Егер өрескел бұзушылық анықталмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылығы бойынша жиынтық көрсеткіш есептелінеді.

      12. Елеулі бұзушылық көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формуламен есептелінеді :

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7

      мұндағы:

      SРз – елеулі бұзушылық көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтың қажетті мөлшері;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтың саны.

      13. Болмашы бұзушылық көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формуламен есептелінеді:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3

      мұндағы:

      SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың қажетті мөлшері;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      14. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкілмен есептелінеді және елеулі және болмашы бұзушылық көрсеткіштерін жинақтау арқылы мынадай формуламен анықталады:

      SР = SРз + SРн

      мұндағы:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылық көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылық көрсеткіші.

      15. Тәуекел дәрежесі орташа субъект (объект) тәуекелді дәрежесінің көрсеткіштері бойынша:

      1) тәуекел дәрежесінің 0-ден 60-қа дейін қоса есептегенде көрсеткіші кезінде осы Өлшемшарттардың 8-тармақтың үшінші абзацында белгіленген мерзімділікпен тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінен босатылады;

      2) тәуекел дәрежесінің 61-ден 100-ге дейін қоса есептегенде көрсеткіші кезінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінен босатылмайды

      16. Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінен босатылған, 60-қа дейін қоса есептегенде тәуекел дәрежесінің көрсеткішін алған, бұзушылықтары анықталған тексерілетін субъект (объект), егер субъект анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ақпаратты бір реттен артық ұсынбаған және (немесе) бұзушылықтарды жоймаған жағдайларда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс тәртіппен тексеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атом энергиясын пайдалану

саласындағы субъектілерді тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарына қосымша

 

 

Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

 

№ п/п

Өлшемшарттар (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды орындамағанда бекітіледі)

Бұзушылық дәрежесі

 

1 бөлім.  Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

 

1 кіші бөлім.  Құжаттама

 

  1.  

Уәкілетті органмен келісілген қауіпсіздікті талдау бойынша есептің болуы

Өрескел

 

  1.  

Жобалау ұйымымен, уәкілетті органмен келісілген және ядролық зерттеу қондырғысының (ЯЗҚ) әкімшілігімен бекітілген ЯЗҚ пайдаланудың технологиялық регламентінің болуы

Өрескел

 

  1.  

Зерттеу реакторының және (немесе) криттенд өзекті паспортының болуы

Болмашы

 

  1.  

Реактор қондырғысында авария болған жағдайда персонал мен халықты қорғау және оның зардаптарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының болуы

Елеулі

 

  1.  

Жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, қайта тиеу және сақтау кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың болуы

Өрескел

 

  1.  

Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдықтар мен жүйелердің сипаттамасын қамтитын техникалық құжаттаманың болуы

Елеулі

 

  1.  

Жедел құжаттаманың болуы (жедел журналдар, картограммалар журналдары және т. б.)

Елеулі

 

  1.  

Реактор қондырғысының бақылау-өлшеу аспаптары мен басқару және қорғау жүйесінің (БҚЖ) сынау актілері мен хаттамаларының болуы

Елеулі

 

  1.  

Жедел персоналдың және бақылаушы физиктердің емтихан тапсыру хаттамаларының болуы

Елеулі

 

  1.  

Жұмыс орындарына емтихан тапсырған жедел персоналды жұмысқа жіберу туралы ЯЗҚ басшысының бұйрығының болуы

Елеулі

 

  1.  

ЯЗҚ әкімшілігі бекіткен реактордың жедел персоналының лауазымдық нұсқаулықтарының және бақылаушы физик туралы ереженің болуы

Елеулі

 

  1.  

Жүйелер мен жабдықтарды сынау актілері мен хаттамаларының болуы

Елеулі

 

  1.  

Авариялық дайындық және аварияға қарсы ден қою жоспарының болуы

Өрескел

 

  1.  

Ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі және персоналдың авариялық жағдайлардағы іс-қимылдары бойынша нұсқаулықтардың болуыпо действиям персонала в аварийных ситуациях

Елеулі

 

2 кіші бөлім. ЯЗҚ-ты қалыпты пайдалануды басқару жүйелеріне қойылатын талаптар

 

  1.  

Пайдаланудың барлық режимдерінде нейтрондар ағынының тығыздығы бақылау құралдарының болуы. Оның ішінде ЯЗҚ белсенді аймағына тиеу (қайта тиеу) кезінде.

Өрескел

 

  1.  

Қауіпсіздікке әсер ететін жабдықтарды диагностикалауды және жүйелерді автоматтандыру құралдарын қамтамасыз ететін құралдардың немесе әдістердің болуы.

Елеуі

 

  1.  

ЯЗҚ операторын ақпараттық қамтамасыз ету құралдарының болуы

Елеулі

 

  1.  

Бірінші контурдың жылу тасымалдағышының және эксперименттік ілмектердің радиоактивтілігін, радионуклидтердің шығарындылары мен төгінділерін, сондай-ақ ЯЗҚ үй-жайлары мен алаңындағы р

диациялық жағдайды бақылау қамтамасыз етілген

Өрескел

 

  1.  

Гетерогенді ЗР жылу тасымалдағышының (баяулатқыштың), сындарлы құрастыруды баяулатқыштың, гомогенді зерттеу реакторының (ЗР) ядролық материал (ЯМ) ерітіндісінің ағып кетуінің болмауын бақылау қамтама

ыз етілген.

Өрескел

 

  1.  

Жылу тасымалдағыштың сапасын бақылау қамтамасыз етілді

Елеулі

 

  1.  

Қалыпты пайдаланудың басқару жүйесі басқару пунктінің пульттерінде (қалқандарында) ЯЗҚ-ты қауіпсіз пайдаланудың пайдалану шектерінің, шектері мен шарттарының бұзылғаны т

ралы жарық және дыбыс сигналдарын әзірлейді.

Елеулі

 

3 кіші бөлім.  ЯЗҚ-тың қауіпсіздікті қорғау жүйелеріне (ҚҚЖ) қойылатын талаптар

 

  1.  

ЯЗҚ-ты тоқтату жүйесімен сынаққа дейінгі жай-күйге ауыстыру энергия қоректенудің болуына байланысты емес

Өрескел

 

  1.  

ҚҚЖ і

ке қосылуы қалыпты пайдалану жүйелері жабдықтарының істен шығуына әкелмейді.

Өрескел

 

  1.  

Тоқтату жүйесі кіші жүйелерді қамтиды, олардың біреуі немесе бірнешеуі реактордың (сындарлы стендтің) сындарлы астындағы жай-күйіне (авариялық қорғанысқа) жылдам ауысуд

 қамтамасыз етеді.

Өрескел

 

  1.  

ЯЗҚ-ты тоқтату жүйесі қалыпты пайдаланудың кез келген режимдерінде және жобалық аварияларды қоса алғанда, қалыпты пайдаланудың бұзылуы кезінде ЯЗҚ-ты сындарлы алды жағдайында ұстауды қамтамасыз етеді.

Өрескел

 

4  кіші бөлім.  ЯЗҚ қауіпсіздігінің оқшаулау жүйелеріне қойылатын талаптар ИЯУ

 

  1.  

Герметикалық үй-жайлар, сыйымдылықтар, радиоактивті заттармен жұмыс істеуге және сақтауға арналған тұғырықтар түрінде жұмыс істейтін қауіпсіздікті оқшаулау жүйелерінің болуы.

Өрескел

 

5  кіші бөлім.  ЯЗҚ-тың басқару қауіпсіздік жүйелеріне (БҚЖ) қойылатын талаптар

 

  1.  

Әрбір басқару қауіпсіздік жүйесі өзінің технологиялық параметрінің кемінде екі өлшеу арнасы бойынша қауіпсіздік функцияларын орындауды қамтамасыз етеді.

Елеулі

 

  1.  

БҚЖ тіркеу құралдарынан алынған деректер келесіні анықтау және тіркеу үшін жеткілікті:

1) ЯЗҚ-ты пайдалану шектерінің немесе қауіпсіз пайдалану шектерінің бұзылуына себеп болған бастапқы оқиға және оның туындау уақыты;

2) авариялардың даму процесіндегі технологиялық параметрлердің өзгеруі;

3) ҚК әрекеттері;

4) басқару пункті персоналының іс-қимылдары.

Өрескел

 

  1.  

Техникалық және бағдарламалық құралдардың істен шығуы және ҚБЖ зақымдануы басқару пунктінің пультіне сигналдардың пайда болуына әкеледі

және ЯЗҚ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерді тудырады.

Өрескел

 

  1.  

Бейнелеу, тіркеу, Ақпарат және диагностика элементтерінің істен шығуы ӨҚБ-ның өзінің қорғау функцияларын орындауына әсер етпейді

Елеулі

 

6  кіші бөлім. ЯЗҚ қамтамасыз ететін қауіпсіздік жүйелеріне (ҚЕҚЖ) қойылатын талаптар

 

  1.  

ҚЕҚЖ -ның өз функцияларын орындауы, егер бұл көрсетілген қауіпсіздік функцияларын орындамаған кезде авариялардың неғұрлым ауыр салдарларына әкеп соқпаса, ҚЕҚЖ элементтерінің ішкі қорғанысының әрекетінен сөзсіз басымдыққа ие болады.

Елеулі

 

  1.  

ЯЗҚ жобасында негізделген электр көзінен ажыратылмайтын электр қабылдағыштардың тізбесі бар

Өрескел

 

  1.  

Авариялық электрмен жабдықтау жүйесінің дербес қоректендіру көздерінің болуы.

Өрескел

 

  1.  

Авариялық электрмен жабдықтау жобалық және жобадан тыс авариялар кезінде қауіпсіздік функцияларын орындауды қамтамасыз етеді

Өрескел

 

7  кіші бөлім . Требования к пункту управления ИЯУ

 

  1.  

Технологиялық процесті, қалыпты пайдалану жүйелерін және қауіпсіздік жүйелерін автоматтандырылған басқару жүзеге асырылатын ЯЗҚ басқару пунктінде мыналар қарастырылған:

1)         ядролық отынды тиеу (қайта тиеу) жөніндегі операцияларды қоса алғанда, ЯЗҚ-ты пайдаланудың барлық режимдерінде нейтрондар ағыны тығыздығының деңгейін және оның өзгеру жылдамдығын бақылау құралдары;

2)         нейтрондар ағыны тығыздығының деңгейін басқару құралдары;

3)         БҚЖ жұмыс органдары жағдайының көрсеткіштері және тоқтату жүйелерінің жай-күйін бақылау құралдары;

4)         ЯЗҚ-ты пайдаланудың барлық режимдерінде жедел негізделген шешімдер қабылдау үшін көлемі мен сапасы жеткілікті болатын ЯЗҚ-тың ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты басқару пунктінің персоналына беруді қамтамасыз ететін жүйелері;

5)         ескерту және авариялық сигнал беру құралдары.

Өрескел

 

  1.  

Негізгі басқару пунктінен ЗР жүйелерін басқару мүмкіндігі болмаған жағдайда пайдаланылатын резервтік басқару пунктінің болуы қарастырылған.

Өрескел

 

  1.  

Резервтік басқару пунктінен персоналдың мынадай функцияларды орындау мүмкіндігі қамтамасыз етілген:

1) ойындарды субкритикалық күйге ауыстыру;

2) ЯЗҚ жобасында айқындалған жағдайларда ЗР-ды авариялық салқындату;

3) аварияны жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде ЗР жай-күйін және радиациялық жағдайды бақылауды қамтиды.

Өрескел

 

8  кіші бөлім .  ЯЗҚ пайдалану және эксперименттер жүргізу

 

  1.  

Эксперименттік зерттеулердің жалпы бағдарламасының болуы

Болмашы

 

  1.  

Наличие рабочей программы для каждого из этапов исследований

Болмашы

 

  1.  

Обеспечена комплектация всех категорий персонала в соответствии с установленным проектом

оличеством, уровнем квалификации и опытом.

Елеулі

 

Подраздел 9. Режим временного останова

 

  1.  

Уақытша тоқтату режимінде техникалық қызмет көрсетуді жүргізу нұсқаулықтарының, бағдарламалары мен кестелерінің болуы

Елеулі

 

  1.  

Уақытша тоқтату режимінде техникалық қызмет көрсетуді жүргізу нұсқаулықтарының, бағдарламалары мен кестелерінің болуы

Елеулі

 

10  кіші бөлім.  Тіркеу және техникалық куәландыру

 

  1.  

Уәкілетті органда тіркелген 1 және 2 қауіпсіздік сыныбындағы жабдықтар мен құбырлар тізбесінің болуы.

Елеулі

 

  1.  

1 және 2 қауіпсіздік сыныбындағы жабдықтар мен құбыржолдарға техникалық куәландыру жүргізу актілері мен кестелерінің болуы.

Елеулі

 

  1.  

Конструкциялық ерекшеліктері немесе радиациялық жағдайы бойынша ішкі (сыртқы) тексеріп-қарау үшін қолжетімсіз (немесе шектеулі қолжетімді) жабдықтар тізбесінің болуы.

Елеулі

 

  1.  

ЯЗҚ әкімшілігінің қауіпсіздік сыныбының 1 және 2-жабдықтары мен құбыржолдарын қадағалауды жүзеге асыратын адамды тағайындау туралы бұйрығының болуы.

Елеулі

 

  1.  

ЯЗҚ әкімшілігінің қауіпсіздік сыныбының 1 және 2-жабдықтары мен құбыржолдарының жарамды жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты адамды тағайындау туралы бұйрығының болуы.

Елеулі

 

Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын физикалық қорғау талаптары

 

  1.  

Пайдаланушы ұйым әзірлейтін және 5 (бес) жылда кемінде 1 (бір) рет қайта қаралатын немесе ядролық физикалық қауіпсіздіктің көзделмеген қатерлері туындаған кезде дереу жергілікті жобалық қатердің болуы.

Өрескел

 

  1.  

Ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әзірленген және бекітілген жоспарының, сондай –ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғаудың осы қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар) 2-қосымшаның атом энергиясын пайдалану объектілері әзірлейтін құжаттама тізбесіне сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілері әзірлейтін қажетті құжаттаманың болуы Физикалық қорғау ережелері).

Өрескел

 

  1.  

Ядролық объектіні күзету және ден қою күштерінің тікелей өткізу режимін жүзеге асыруының болуы.

Өрескел

 

  1.  

Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау бөлімшесіне жүктелген санатталған және режимдік үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды күзетке қоюға және күзеттен алып тастауға қатысты бөлігінде өткізу режимі, сондай-ақ объектішілік режим рәсімдерінің орындалуын ұйымдастыру мен бақылаудың болуы.

Өрескел

 

  1.  

Объектішілік режимнің орындалуын ұйымдастырудың және бақылаудың болуы, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшеге жүктелген ядролық қондырғыларда өткізу режимі бойынша бланкілерді, рұқсаттамалар мен мөрлерді әзірлеу.

Өрескел

 

  1.  

Физикалық қорғау қағидаларының талаптары сақталмаған жағдайда уәкілетті органға осындай оқиға туралы 12 (он екі) сағат ішінде, сондай-ақ 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтамау немесе бас тарту себептері, оның мән-жайлары мен салдарлары туралы, сондай-ақ қолданылған немесе қолданылатын түзету шаралары туралы есепті табыс етудің болуы.

Өрескел

 

  1.  

Іс жүзінде санкцияланбаған қол жеткізуге, санкцияланбаған алып қоюға немесе диверсияға байланысты оқиға болған жағдайда, төтенше жағдайларда ден қою жоспарына сәйкес уәкілетті органды, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарды хабардар етудің 1 (бір) сағаты ішінде, сондай-ақ уәкілетті органға оқиғаның себептері туралы есепті 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынудың болуы. оның жағдайлары мен салдары, сондай-ақ қабылданған немесе қабылданатын түзету шаралары туралы.

Өрескел

 

  1.  

Сигнализациямен жарақтандырудың және ішкі және аса маңызды аймақтарға кіру нүктелерін (өту жолдарын) күзетуге қоюдың болуы.

Өрескел

 

  1.  

Ядролық материалдарға қол жеткізуді бақылайтын компьютерлік жүйелерді қоса алғанда, кілттерге, кілт карточкаларына және (немесе) басқа жүйелерге рұқсаты бар немесе оларды пайдалануға алған барлық тұлғалардың тіркелуі.

Өрескел

 

  1.  

Ядролық материалдарға немесе ішкі аймақтарға кіруді бақылайтын компьютерлік жүйелерді қоса алғанда, ішкі және аса маңызды аймақтарға қолжетімділігі бар барлық тұлғалардың және кілттерге, кілт карточкаларына және (немесе) басқа жүйелерге қолжетімділігі бар немесе оларды пайдалануға алған барлық тұлғалардың тіркелуі.

Өрескел

 

  1.  

I санаттағы ядролық материалдарды материалды алуға кедергі келтіретін анықтау мен кідіртудің қосымша шептерін қамтамасыз ететін аса маңызды аймақтағы нығайтылған (сейфтік) үй-жайда немесе нығайтылған камерада (конструкцияда) сақтауды қамтамасыз етудің болуы.

Өрескел

 

  1.  

Қорғалған аймақта орналасқан Орталық басқару пунктінің болуы.

Өрескел

 

  1.  

Дабыл сигнализациясы жабдығының, сигнализация жүйесінің байланыс арналарының және үздіксіз қоректендіру көздерін басқарудың орталық пунктінің және санкцияланбаған мониторинг, айла-шарғы жасау және бұрмалау жолымен араласудан қорғаныспен қамтамасыз етілуінің болуы.

Өрескел

 

  1.  

Авариялық жағдайлар кезінде негізгі қоректен жедел ауыстырып қосуды қамтамасыз ететін электрмен қоректендіруді қамтамасыз ету жүйесінде көзделген қоректендірудің автоматты резервтік жүйесінің орталық басқару пунктінің болуы.

Өрескел

 

  1.  

Функционалдық сынақтарды, физикалық қорғау шараларын және физикалық қорғау жүйесін қоса алғанда, тұрақты бағалау жүргізудің, оның ішінде қауіптерге қарсы іс-қимылдың сенімділігі мен тиімділігін айқындау мақсатында күзет және ден қою күштерінің уақтылы ден қоюының болуы.

Өрескел

 

  1.  

Ден қою күштерінің ядролық материалды ден қою және санкцияланбаған алып қоюды болдырмау жөніндегі міндеттерді тиімді және уақтылы орындау қабілетін айқындау мақсатында екіжақты оқу-жаттығуларды қоса алғанда, оқу-жаттығулар өткізу арқылы жылына кемінде бір рет ядролық материалдарды физикалық қорғау жүйесінің функционалдық сынақтарын жүргізудің болуы.

Өрескел

 

  1.  

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылда әзірленген, уәкілетті органмен келісілген жергілікті жобалық қатердің болуы.

Өрескел

 

  1.  

3 (үш) жылда кемінде бір рет мемлекеттік органдардың есепке алу базалары бойынша тексеру іс-шараларын жүзеге асырудың болуы.

Өрескел

 

  1.  
Дата публикации
26 июля 2022