Электрондық нысанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 99-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған электрондық нысанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып аукцион өткізу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Қағида
Дата публикации
10 июня 2020