«Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығына өзгерістерді енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларында:
2-тармақтың 5)-тармақшасы алынып тасталсын;
2-тармақтың 8)-тармақшасы алынып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Сараланған тізім құрылғаннан кейін уәкілетті орган сараланған тізім бойынша осы инвестициялық бағдарламалардың олардың тиісті жыл сайынғы қайтару деңгейімен кезекпен арту тәртібінде кезекпен қоса отырып, қаралатын инвестициялық бағдарламалардың қажетті жыл сайынғы қайтарылым деңгейінің сомасын есептейді. Жыл сайынғы қажетті қайтару деңгейінің сомасы рұқсат етілген көлемнен аспайтын инвестициялық бағдарламар іріктелген деп танылады.
Рұқсат етілген көлем алдыңғы кезеңдерде (жылдарда) жасасқан жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға қолданыстағы инвестициялық келісімдерді жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту инвестициялық бағдарламалар бойынша қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейі сомасының және 412 (төрт жүз он екі) миллиард теңге көлемінен айырмасы болып анықталады.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.