2022 жылы Энергетика министрлігіне 6157 өтініш келіп түсті.
3403 азамат арыз білдірді, сұрау, хабар және пікірлер – 2019 бірлік құрады, 491 – ұсыныстар, 244 – шағымдар.
2022 жылы өтініштердің үлкен бөлігі орыс тілінде түсті – 91,3%, меслекет тілде – 8,5%, ағылшын тілінде – 0,2%і. Өтініш берушілерге жауаптар өтініш берілген тілде жіберіледі.
Статистика көрсетіп отырғандай, 62,7% Министрлікке «е-өтініш» ақпараттық жүйесі, 28 % – Қазпошта арқылы, 9,3% - ҚКО арқылы келіп түскен.
Өңірлер бөлінісінде есепті кезеңде дәстүрлі түрде келесі өңірлерде тұратын азаматтар жоғары белсенділік танытты: Алматы – 1232 өтініш, Нұр-Сұлтан қалалары – 927 , Маңғыстау – 413, Ақтөбе – 310.
Өтініштердің сипаты бойынша жасалған талдау олардың басым бөлігінің мынадай мәселелер қозғалатынын көрсетеді:
- электр энергетикасы, электр және жылумен жабдықтау, атом саласы, ЖЭК – 30,2 %;
- мұнай саласы – 21,4 %;
- газбен жабдықтау – 19,6 %;
- жер қойнауын пайдалану – 17 %;
- басқалары – 11,8 %.
Азаматтарды қабылдауға қатысты
Министрлік басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тоқсан сайын ҚР Энергетика министрінің бұйрықтарымен бекітілетін кестелерге сәйкес жүзеге асырылады:
2022 жылғы 1-тоқсанға арналған қабылдау кестесі – Энергетика министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 394 бұйрығымен, (Энергетика министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы №51 бұйрығымен кестеге өзгерістер енгізілді),
2022 жылғы 2-тоқсанға арналған қабылдау кестесі - Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 наурыздағы №88 бұйрығы.
2022 жылғы 3-тоқсанға арналған қабылдау кестесі - Энергетика министрінің 2022 жылғы 15 маусымдағы №210 бұйрығы.
2023 жылғы 1 тоқсанға қабылдау кестесі – Энергетика министрінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 420 бұйрығымен бекітілген.
Қабылдау кестесі Министрліктің сайтында, egov.kz порталда және МОИП жүйесінде орналастырылған.
Қабылдау кестелері Министрліктің сайтында, egov.kz порталында және МОИП жүйесінде орналастырылды.
Энергетика министрі, вице-министрлері, аппарат басшысының қабылдауына жазылу 78-68-07 телефоны арқылы жүзеге асырылады.