«Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесі мен оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің  тізбесі мен оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесі мен оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19559 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесін және оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы»;

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. Қоса беріліп отырған Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесі және оларды жарақтандыру мерзімдері бекітілсін.»;

         көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің  тізбесі мен оларды жарақтандыру мерзімдерінде:

         тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

         «Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесі және оларды жарақтандыру мерзімдері»;

         1-тарауда:

         тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

         «1-тарау. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды өндіру, сондай-ақ шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газ) дайындау»;

         мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2-1, 2-2, 2-3, 2-4-жолдармен толықтырылсын:

         «

2-1.

Шикі газды кешенді дайындау қондырғысы       

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

2-2.

Шикі газды технологиялық еріксіз жағуға арналған алау қондырғысы

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

2-3.

Шикі газды өзінің технологиялық қажеттіліктеріне пайдалануға арналған қондырғылар

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

2-4.

Шикі газды кері айдау қондырғылары

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

                                                                                                                                     »;

         мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:

         «

3-1.

Тауарлық газды сақтауға арналған жерасты газ қоймалары

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

         »;

         мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-1-жолмен толықтырылсын:

         «

5-1.

Тауарлық газды қабылдау-тапсыру (беру) пункттері

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

                                                                                                                                     »;

         2-тарауда:

         тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

         «2-тарау. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) тасымалдау»;

         мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-1-жолмен толықтырылсын:

         «

6-1.

Газ құбыры бойынша шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) қабылдау-тапсыру (беру) пункттері

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

                                                                                                                                     »;

         4-тарауда:

         тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

         «4-тарау. Мұнай өңдеу және газ өңдеу зауыттары»;

         мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-1-жолмен толықтырылсын:

         «

12-1.

Шикі тауарлық газды қабылдау-тапсыру пункттері

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

                                                                                                                                     ».

  1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі

 

 

 

 

 

Б. Акчулаков

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

 

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрлігі

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 09.12.2022

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 31039 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство энергетики Республики Казахстан - Директор департамента Кумусай Боранбай, 28.11.2022 18:37:27, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Алма Кайратовна Муканова, 02.12.2022 18:14:43, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі - Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Б. Акчулаков, 05.12.2022 20:05:06, положительный результат проверки ЭЦП

«Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесі мен оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
06 ноября 2022