«Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 185 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларында:

6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «2) Қағидалардың 8, 9-тармақтарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға;»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Жер қойнауын пайдаланушы Кодексте және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген міндеттемелер мөлшерінің 30% (пайызына) дейін қазақстандық кадрларды, жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері болып табылмайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының төменде көрсетілген санаттарын оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруы мүмкін:

  • 1, 2 және 3-топтағы мүгедектер;

2) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар;

3) көпбалалы отбасылар;

4) толық емес отбасылар»;

9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) аса қажетті мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес. Тізбені көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органның келісуімен қалыптастырады және өзінің интернет-ресурсында орналастырады және оны тиісті жылдың 25 қаңтарына дейін жыл сайын өзектендіруге тиіс;»;

мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:

«13. Оқитын Қазақстан Республикасының азаматы оқу орнына көшкен немесе іссапарға жіберілген жағдайда, оқытуды қаржыландыруға арналған шығыстарға көліктік шығыстар (оқу орнына жол жүру және қайту), тәуліктік ақы, тұрумен байланысты шығыстар енгізіледі. Бұл ретте, егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта өзгеше көзделмесе, салықтық төлемдер оқытуды қаржыландыруға арналған шығыстарға қосылмайды.».

Проект приказа
Дата публикации
25 мая 2020