Есептік кезеңде қарастыруға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы жалпы мәлімет
2022 жылдың 9 айында Министрлікке 4300 өтініш түсті (оның ішінде 406 телнұсқа).
Қаралған өтініштердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге артқанын атап өткен жөн. Өтініштердің өсуі мемлекеттік органдарға өтініштерді жолдау бойынша азаматтардың белсенділігін күшейтуге ықпал еткен «е-Otinish» АЖ-ның іске қосылуы және
ҚР Әкімшілік рәсімдік процесстік кодексі нормаларының қолданысқа енгізілуінен туындады.
2241 азамат өтінішпен, 1485 – сұраумен, хабарламалармен және ұн қосулармен, 397 – ұсыныстармен, 177 – шағымдармен жүгінді.
2022 жылғы есепті кезеңде өтініштердің басым бөлігі орыс тілінде – 91,3%, мемлекеттік тілде – 8,5%, ағылшын тілінде – 0,2% түсті. Өтініш берушілерге жауаптар өтініш тілінде жіберіледі.
Өңірлер бөлінісінде есепті кезеңде дәстүрлі түрде келесі өңірлерде тұратын азаматтар жоғары белсенділік танытты: Алматы – 806, Нұр-Сұлтан қалалары – 652 , Маңғыстау – 306, Ақтөбе - 250.
Өтініштердің сипаты бойынша жасалған талдау олардың басым бөлігінің мынадай мәселелерді қозғайтынын көрсетеді:
- мұнай саласы – 24,9 %;
- электр энергетикасы, электр және жылумен жабдықтау, атом саласы, ЖЭК – 23,8 %;
- жер қойнауын пайдалану – 21,1 %;
- газбен жабдықтау – 17,3 %;
- басқалары – 12,9 %.