ҚР Энергетика министрлігі сарапшыларды талқылау үшін "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"заң жобасын жариялады
ҚР Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі және сараптамалық және қоғамдық келісім алу үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Заң жобасы 2022 жылдың 9 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауға қол жетімді.
Ұсынылып отырған жаңа заңнамалық өзгерістер елдегі жылу энергетикасын дамыту мәселелерін реттеуге, жылу энергиясын өндіруге, беруге, тұтынуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды ретке келтіруге; жылумен жабдықтау саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін айқындауға; жылу энергиясын тұтынушылардың, жылу өндіруші ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін айқындауға мүмкіндік береді.
Заң жобасының толық мәтіні сілтеме арқылы қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14190501.