Уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" бірлескен бұйрық жобасы

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығы тоқтатылған жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.      
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
16 сентября 2022