3-тармақ мына редакцияда жазылсын:
«3. Тізілім жұмысымен электрондық сатып алу жүйелерінің жұмыстарын үйлестіру (бұдан әрі – жұмысы үйлестіру) деп Интернеттің қазақстандық сегментінде орналасқан электрондық сатып алу жүйелерінен ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген электрондық цифрлық қол қойылған ақпаратты Тізілімге беруі түсініледі.
Жұмысы үйлестіру «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының талабына сәйкес жүзеге асырылады.»;
Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.