Көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарға сәйкестігіне бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" ҰЭМ және ЭМ бірлескен бұйрық жобасы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарға сәйкестігіне бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарға сәйкестігіне бақылау саласында «Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау» қызметтің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты тексеру парағы;

3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарға сәйкестігіне бақылау саласында «Көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау» қызметтің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты тексеру парағы;

4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарға сәйкестігіне бақылау саласында «Көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау» қызметтің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты тексеру парағы;

5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарға сәйкестігіне бақылау саласында «Теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар» қызметтің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты тексеру парағы;

6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарға сәйкестігіне бақылау саласында «Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар» қызметтің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты тексеру парағы;

7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарға сәйкестігіне бақылау саласында «Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою» қызметтің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты тексеру парағы;

8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарға сәйкестігіне бақылау саласында «Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу» қызметтің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты тексеру парағы;

9) осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарға сәйкестігіне бақылау саласында «Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер» қызметтің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты тексеру парағы;

10) осы бірлескен бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарға сәйкестігіне бақылау саласында «Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары» қызметтің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты тексеру парағы;

11) осы бірлескен бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарға сәйкестігіне бақылау саласында «Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары» қызметтің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты тексеру парағы;

12) осы бірлескен бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарға сәйкестігіне бақылау саласында «Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту» қызметтің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты тексеру парағы;

13) осы бірлескен бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарға сәйкестігіне бақылау саласында «Мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану» қызметтің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты тексеру парағы;

14) осы бірлескен бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарға сәйкестігіне бақылау саласында «Магистральдық құбыржолдарды пайдалану» қызметтің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты тексеру парағы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Дата публикации
14 сентября 2022