«Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

4-тармақта:

15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«15) мердігер – көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін жер қойнауын пайдаланушы немесе оның уәкілетті тұлғасы тартатын жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);»;

21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«21) толық аяқталған ұңғыма құрылысы – жиынтықта немесе жеке-жеке ұңғымаларды жобалау, салу, бұрғылау, сынақтан өткізу (сынама алу), зерттеу, жою, консервациялау (қайта консервациялау), қалдықтарды кәдеге жарату, сынақтан өткізу (сынама алу), оның ішінде сынама пайдалану,  сынақтан өткізу (сынама алу) кезеңінде ұңғымада көмірсутектерді сынақтан өткізу (сынама алу) және (немесе) жинауға арналған құрылыстарды (жабдықты, техниканы, ұңғымалардың механизмдерін) орнату, монтаждау, жалға алу кезінде, оның ішінде сынама пайдалану кезінде ұңғымада көмірсутектерді жинау кезеңдерін көздейтін жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің түрлері, көрсетілген жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тауарларды ілеспе жеткізу;»;

15, 16, 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Ашық конкурс тәсілімен біртекті болып табылмайтын ТЖКҚ-ны сатып алу кезінде тапсырыс берушінің  көрсетілген тәсілмен бірыңғай сатып алуды ұйымдастыруы және жүргізуі конкурстық құжаттамада мұндай                                ТЖКҚ-ны лоттарға бөле отырып жүзеге асырылады.

Ашық конкурс тәсілімен біртекті ТЖКҚ-ның бірнеше түрін сатып алу ТЖКҚ олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға және оларды жеткізудің (орындаудың, көрсетудің) орны бойынша бөлу арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші ашық конкурсты өткізген кезде өзінің қалауы бойынша лоттарды тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың және (немесе) қызметтерді көрсетудің бір орнына ие біртекті ТЖКҚ-ның саны (көлемі) бойынша қосымша бөле алады.

Тапсырыс беруші біртекті ТЖКҚ-ны жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше келісімшарт шеңберінде сатып алған жағдайда, ТЖКҚ-ны жеткізу (орындау, көрсету) жері бірыңғай болу шартымен осындай ТЖКҚ сатып алынатын ТЖКҚ көлемдерінің жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша үлестірілуін көрсете отырып, бір лотпен сатып алынады.

Дата публикации
19 мая 2020