«Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауды тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 749 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 827 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен бұйрық жобасы

БҰЙЫРАМЫЗ:                                                           

1. «Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауды тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 749 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 827 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13023 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»;

кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Магистральдық мұнай өнімдері құбырының меншік иесіне немесе магистральдық мұнай өнімдері құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға, ұлттық операторға қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы;

3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Магистральдық мұнай құбырының меншік иесіне немесе магистральдық мұнай құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға, ұлттық операторға қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы;

4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Магистральдық газ құбырының меншік иесіне немесе магистральдық газ құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға, ұлттық операторға қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы;

5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Терминалдар меншік иелеріне қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы бекітілсін.»;

осы бірлескен бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 1, 2, 3 және 4-қосымшалары жаңа редакцияда жазылсын;

осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4.  Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Дата публикации
12 сентября 2022