«Газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 748 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 824 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен бұйрық жобасы

БҰЙЫРАМЫЗ:                                                             

1. «Газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 748 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 824 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13031 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Газ және газбен жабдықтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»;

кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес газ және газбен жабдықтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарлық газын өндірушілерге қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сұйытылған мұнай газын өндірушілерге қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сұйытылған табиғи газын өндірушілерге қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

9) осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы

10) осы бірлескен бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес ұлттық операторға қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

11) осы бірлескен бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес газ толтыру станцияларының иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

12) осы бірлескен бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес газ тарату ұйымдарына қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

13) осы бірлескен бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес газ тасымалдау ұйымдарына қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

14) осы бірлескен бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес газ толтыру пунктерінің иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

15) осы бірлескен бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес автогаз құю станцияларының иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

16) осы бірлескен бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

17) осы бірлескен бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес топтық резервуарлық қондырғыларының иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

18) осы бірлескен бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес тауарлық газдың өнеркәсіптік тұтынушыларына қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

19) осы бірлескен бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес сұйытылған мұнай газдың өнеркәсіптік тұтынушыларына қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;

20) осы бірлескен бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларына, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларына қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.»;

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалар осы бірлескен бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-қосымшалар осы бірлескен бұйрықтың 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-қосымшаларына сәйкес толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1)  және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Дата публикации
09 сентября 2022