"Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасы

ҚР Энергетика министрлігі жылу энергетикасы туралы жаңа салалық заңды әзірлеуге кірісті

ҚР Энергетика министрлігі «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасын әзірледі және сараптамалық және қоғамдық келісім алу үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Заң жобасы 2022 жылғы 28 тамызға дейін жария талқылау үшін қолжетімді болады.

Ұсынылып отырған заңнамалық өзгерістер жылу энергетикасын дамыту мәселелерін реттеуге, жылу энергиясын өндіруге, беруге, тұтынуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге; жылумен жабдықтау саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін айқындауға; жылу энергиясын тұтынушылардың, жылу өндіруші ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін айқындауға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, заң жобасы кешенді жоспарлау құралын енгізу есебінен (жылу энергетикасының мастер-жоспарлары); саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында тарифтік саясатты қайта қарау; энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік органға тиісті құзыреттерді беру арқылы жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту; қазіргі құқықтық олқылықтарды жою үшін нормативтік құқықтық база әзірлеу арқылы саланы реттейтін тетіктерді қайта қарауды көздейді.

Заң жобасының толық мәтіні мына сілтемелер бойынша қолжетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14186048; https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/335436?lang=ru.

"Жылу энергетикасы туралы" Заңның жобасы
Дата публикации
15 августа 2022