Бекітілген Тізбеге сәйкес ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында Министрліктің 3 құрылымдық бөлімшелерінде аудит аяқталды.

 

Бекітілген Тізбеге сәйкес ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында Министрліктің 3 құрылымдық бөлімшелерінде аудит аяқталды.

Жалпы, аудит қорытындылары құрылымдық бөлімшелерінің тиімсіз және тиімді жұмысының жеткіліксіздігін көрсетті.

Жүйелік бұзушылықтар функцияларды ұйымдастырудың және дұрыс бекітудің және оларды департаменттер ішінде бөлудің болмауы, іске асырылмайтын функциялардың болуы, қызметкерлердің функционалдық міндеттеріне ішкі бақылаудың болмауы болып табылады. Сондай-ақ, тиісті құқықтық мониторингтің жоқтығын куәландыратын салалық нормативтік құқықтық актілерде ескертулер мен кемшіліктер анықталды.

Бұдан басқа, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері есепті ақпаратты сапасыз және кеш ұсыну жүйелі түрде жалғасуда, Даму жоспарын, Операциялық жоспарды орындау шеңберінде тәуекелдерді басқару бойынша жұмыс жүргізілмейді.

Жоғарыда аталғандардың барлығы тұтастай алғанда Министрліктің салалық саясатын іске асыру тиімділігіне әсер етеді, құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлердің жауапкершілігін бұлдыратады.

Аудит объектілріне Министрдің шешімдері аудит қорытындысы бойынша ұсынымдарды орындауға жіберілді.

Дата публикации
21 июля 2022