Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті туралы ереже

  1. Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті (бұдан әрі - прп Департамент) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президент және Үкімет актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Министрлік басшылығының бұйрықтарына, Министрлік ережесіне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
  4. Департамент:

1)   атомдық жобаларды дамыту басқармасы;

2)   ғылыми-техникалық жобалар басқармасы;

3)   атом өнеркәсібі басқармасы;

4)   атом энергетикасы басқармасынан тұрады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті туралы ереже
Дата публикации
12 мая 2020