Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде 2022 жылдың 1 жартыжылдықта жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2022 жылдың 1 жартыжылдығында Министрлікке – 2549 өтініш түсті (1352 - арыз, 101 – шағым, 718 - сұрау, 296- ұсыныс, 82 - басқалары), оның ішінде жеке тұлғалар – 954 бірлік және заңды тұлғалар –  1595 бірлік .

2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өтініштер саны 2,6 есе артты.  

Жоғары тұрған ұйымдардан 592 өтініш жолданды, оның ішінде:
ҚР Президенті Әкімшілігі – 164, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі – 350; ҚР Парламенті – 78.

Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің талдауы олардың көп бөлігі мынадай мәселелерді қозғайтынын көрсетті:

  • электрэнергетикасы, электр және жылумен жабдықтау, атом саласы, ЖЭК - 33 %;
  • жер қойнауын пайдалану – 15 %;
  • мұнай қаласы – 18 %;
  • газбен жабдықтау - 21 %;
  • басқалары - 13 %.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне заңнамада белгіленген мерзімде тиісті жауаптар берілді.

 

 

Министрліктің кеңсесіне келіп түсетін өтініштер бойынша мына:  8 (7172) 78-68-08 телефон арқылы Қарыбаева Гүлназ Қуанышқызына хабарласыңыздар.

Министрлік басшылығының жеке қабылдауына жазылу үшін мына:8 (7172) 78-68-07 телефон арқылы Өтемісова Алмагүл Иманғазықызына хабарласыңыздар.

Дата публикации
11 июля 2022