Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі Жауапты хатшысының
2020 жылғы « » № бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің
Персоналды дамыту басқармасы туралы ереже
құқықтары мен міндеттері
Функциялары:
1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
2) мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде) жүргізу.
Функциялары:
1) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
2) мемлекеттік органның кадрларының кәсіби дамуы, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес тағылымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету;
3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметтік тексерістерді жүргізу, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту жүргізу, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде);
5) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру;
6) қарамағындағы адамдардың сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшының отставкасын ұйымдастыру және жауапкершілікке тарту, одан әрі екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органға хабарлау;
7) Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің ротациясын жүргізуді ұйымдастыру.
Функциялары:
1) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу;
3) Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік, ведомстволық және басқа наградалармен марапаттау жөнінде жұмысты ұйымдастыру .
1) демалыстар кестелерін жасау және бекіту;
2) делегацияларды қабылдауды ұйымдастыру, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізу;
3) Министрліктің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және Министрлік жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу;
4) Министрлік жұмыскерлерінің әскери есебін жүргізу;
5) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ілгерілету кезінде гендерлік баланстың сақталуын қамтамасыз ету;
6) Министрлік жұмыскерлерінің еңбек тәртібін сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығында Министрлік жұмыскерлеріне медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету
8) Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктері, проксим-карталары мен электронды рұқсатнамаларын рәсімдеуді ұйымдастыру.
Басқармаға оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.
1) іс қағаздарын жүргізуде «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 9 және 10-баптары талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
2) оған Заңмен және осы Ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;
3) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.