2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы

 

         «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы    Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес   БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнайгаз-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Бұйрыққа Қосымша

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2020 жылғы «__» _____

№ ___ бұйрығымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары

 

р/с №

Өңір

Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен

1.

Нұр-Сұлтан қаласы

26 001 (жиырма алты мың бір)

2.

Алматы қаласы

19 405 (он тоғыз мың төрт жүз бес)

3.

Шымкент қаласы

20 819 (жиырма мың сегіз жүз он тоғыз)

4.

Ақмола облысы

26 001 (жиырма алты мың бір)

5.

Ақтөбе облысы

5 574 (бес мың бес жүз жетпіс төрт)

6.

Алматы облысы

19 405 (он тоғыз мың төрт жүз бес)

7.

Атырау облысы

6 340 (алты мың үш жүз қырық)

8.

Батыс Қазақстан облысы

10 541 (он мың бес жүз қырық бір)

9.

Жамбыл облысы

18 775 (он сегіз мың жеті жүз жетпіс бес)

10.

Қарағанды облысы

26 001 (жиырма алты мың бір)

11.

Қостанай облысы

17 305 (он жеті мың үш жүз бес)

12.

Қызылорда облысы

7 268 (жеті мың екі жүз алпыс сегіз)

13.

Маңғыстау облысы

12 552 (он екі мың бес жүз елу екі)

14.

Түркістан облысы

20 819 (жиырма мың сегіз жүз он тоғыз)

15.

Шығыс Қазақстан облысы

7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш)

 

 

 

 

 

Бұйрық жобасы
Дата публикации
30 апреля 2020