«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы жобасының тұжырымдамасы

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы тұжырымдамасының жобасы

 

 

  1. Заң жобасының атауы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жылу энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы).

 

  1. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының бағдарламалық және стратегиялық құжаттарында, оның ішінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында энергетика секторы мен энергетикалық инфрақұрылымның экономика мен халық өмірі үшін аса маңызды мәні атап өтілген.

Бұдан басқа, соңғы жылдары азаматтық құрылыстың қарқыны жоғарылауда, алайда жаңа жылу қуаттары мен желілерін салу және қолда бар жылу қуаттары мен желілерін жөнделуі (жаңғыртылатын) ол қарқынға ілесе алмауда.

Тиісінше, салада қалыптасқан проблемаларды шешу және энергетиканы озыңқы дамыту жөніндегі міндеттерге қол жеткізу үшін қазіргі заманғы және тиімді Нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру қажет.

«Жылу энергетикасы туралы» заң жобасын әзірлеуден басқа, жоғарыда аталған ережелерді іске асыру бір мезгілде мынадай заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді:

  • 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) – жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану туралы талапты сотқа беру мерзімін қысқарту бөлігінде; қазіргі уақытта ҚР АК 242-бабының 3-тармағында 1 (бір) жыл мерзім көзделген;
  • 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі – табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасына ғана емес, сондай-ақ жылу энергетикасы туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатынын көрсету бөлігінде;
  • «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы – жергілікті атқарушы органдардың ақпаратты, оның ішінде есептерді жоспарлау, мониторингтеу, жинау және жариялау, Жылу энергетикасы объектілерін жөндеуге және пайдаланудан шығаруға келісу, өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді бекіту, сенімділік көрсеткіштерін бекіту жөніндегі өкілеттіктерін кеңейту бөлігінде және жергілікті өкілді органдардың тиісті облыс, қала, облыс, аудан бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы жоспарлау туралы;
  • «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы - жылу энергетикасына қатысты кейбір нормаларды алып тастау және Жылу энергетикасы туралы заңнамаға сілтеме жасау бөлігінде;
  • «Мемлекет мүлкі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы - коммуналдық меншікке түскен жылжымайтын затты иесі жоқ деп тану туралы талапты сотқа беру мерзімін қысқарту бөлігінде; қазіргі уақытта осы Заңның 23-бабының 1-тармағында 1 (бір) жыл мерзім көзделген;
  • «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңы - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі міндеттер мен талаптарды енгізу бөлігінде.
  • «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Заңы - Жылу энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар салаларын мемлекеттік реттеуді жетілдіру бөлігінде.
  1. Жария талқылау нәтижелері

 

№ т/б

Ұсынылған шешім

Жұртшылықтың (нысаналы топтардың) қатынасы

1

саланы мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруда (жоспарлауды, мониторингті, мемлекеттік бақылауды қамтитын)

Қолданды

2

субъектілер мен тұтынушыларға ықпал ету тетіктерінің кешенін құруда (кешен тек бұзушылықтар үшін тыйым салулар мен жауапкершілікті ғана емес, ынталандырулар мен көрсеткіштерді де көздеуі тиіс)

Қолданды

3

саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру

Қолданды

 

  1. 4. Заң жобасын қабылдау мақсаттары

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты жылу энергетикасы саласын кешенді құқықтық реттеуді қамтамасыз ету болып табылады.

 

  1. Заң жобасын реттеу нысанасы

Заң жобасын реттеудің мәні Жылу энергетикасы саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.

Заң жобасы оның ішінде мыналарды реттейді/айқындайды:

  • жылу энергиясы тұтынушыларының жауапкершілігі;
  • жылу энергетикасы саласында тариф белгілеу саясатын жетілдіру;
  • жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік органдардың бақылау функцияларын қамтамасыз ету;
  • жылу энергетикасы саласындағы энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі нормаларды жетілдіру;
  • өзге де мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті мемлекеттік органдардың құзыреті;
  • жылу энергетикасы саласындағы иесіз объектілердің одан әрі құқықтық мәртебесі.

 

  1. Заң жобасының құрылымы мен мазмұны

Заң жобасының құрылымы 2 баптан тұрады:

1 бап. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім).
  2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі.
  3. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
  4. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
  5. «Мемлекет мүлкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
  6. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
  7. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

2-бап. Заңды қолданысқа енгізу тәртібі.

 

  1. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар

Заң жобасын қабылдаумен жылу энергетикасы саласын реттеу үшін кешенді заңнамалық база қалыптастыру, саланы мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру, саланы азаматтық құрылыс қарқынына сәйкес қарқынмен ойдағыдай дамыту, тұтынушылар, мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъектілер мүдделерінің теңгерімін ескере отырып инвестициялар тарту үшін шаралар кешенін енгізу, жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру, жылу энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну кезінде энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру, жылу энергетикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың өсуі көзделеді.

Заң жобасының қабылдануына байланысты теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар болжанбайды.

 

  1. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Заң жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

 

  1. Басқа заңнамалық актілерді әзірленетін заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттілігі

Заң жобасы шеңберінде заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізумен бір мезгілде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізу талап етіледі.

Аталған Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібін ескере отырып, оларға тиісті түзетулер жекелеген (дербес) заң жобасымен енгізілетін болады.

 

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы жобасының тұжырымдамасы
Дата публикации
13 декабря 2021