ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №338 "ҚР Энергетика министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бекіту туралы" бұйрығы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы
18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар) бекітілсін.
  2. Персоналды дамыту басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды Министрлік қызметкерлерінің назарына жеткізсін;
  3. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 204 бұйрығының күші жойылсын.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

       Министр                                                                             Н.  Ноғаев

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бекіту туралы
Дата публикации
25 марта 2021