Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде 2022 жылдың 1 тоқсанда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде

2022 жылдың 1 тоқсанда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІҚазақстан РеспубликасыЗаңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2022 жылдың 1 тоқсанда Министрліктің "Азаматтардың өтініштері" базасына – 1343 өтініш түсті (697 - арыз, 46 – шағым, 383 - сұрау, 187- ұсыныс, 30 - басқалары), оның ішінде жеке тұлғалар – 533 бірлік және заңды тұлғалар –  810 бірлік .

2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өтініштер саны 3 есе артты.  

Жоғары тұрған ұйымдардан 310 өтініш жолданды, оның ішінде:
ҚР Президенті Әкімшілігі – 96, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі – 184; ҚР Парламенті – 30.

Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің талдауы олардың көп бөлігі мынадай мәселелерді қозғайтынын көрсетті:

  • электрэнергетикасы, электр және жылумен жабдықтау, атом саласы, ЖЭК - 33 %;
  • жер қойнауын пайдалану – 14 %;
  • мұнай қаласы – 19 %;
  • газбен жабдықтау - 24 %;
  • басқалары - 10 %.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне заңнамада белгіленген мерзімде тиісті жауаптар берілді.

Дата публикации
07 апреля 2022