2022 жылғы 1 сәуірден бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейінгі есепті кезеңге арналған жер қойнауын пайдаланушыларға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізіліп жатқан (жүргізілген) объектілерге жылдық бару тізімін бекіту туралы

2022 жылғы 1 сәуірден бастап                      2023 жылғы 1 сәуірге дейінгі есепті кезеңге арналған жер қойнауын пайдаланушыларға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізіліп жатқан (жүргізілген) объектілерге жылдық бару тізімін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы                             26 сәуірдегі № 142 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 2022 жылғы                             1 сәуірден бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейінгі есепті кезеңге арналған жер қойнауын пайдаланушыларға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізіліп жатқан (жүргізілген) объектілерге жылдық бару тізімі (бұдан әрі –  Жылдық бару тізімі) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның өңіраралық басқармаларының басшылары Жылдық бару тізімінің орындалуын қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Жылдық бару тізімін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр                                                                          Б. Ақшолақов

бұйрық
Дата публикации
14 марта 2022