Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 748 бұйрығымен бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының 27-тармағына сәйкес, ағымдағы жылдың 5 наурызы күні сағат 15:00-де, Жылу энергетикасы туралы заңнамалық құжаттарды жасақтау аясында енгізу жоспарланған реттеушілік құралдардың әсерін талдаудың нәтижелеріне қоғамдық талқылауды ZOOM қосымшасы арқылы (сілтеме қатысушыларға жолданатын болады) өткізілетінін хабарлайды.
Осыған орай, қызушылық болған жағдайда, қатысушылар тізімін ағымдағы жылдың 4 наурызы күнгі сағат 15:00-ге дейін a.turar@energo.gov.kz электрондық мекенжайына растауды сұраймыз.