Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде
2021 жылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестіқ кодесі талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2021 жылы Министрлікке – 2366 өтініш түсті (1018 - арыз, 166 – шағым, 902 - сұрау, 280 - басқалары), оның ішінде жеке тұлғалар – 875 бірлік және заңды тұлғалар – 1491 бірлік .
2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өтініштер саны 865 бірлікке артты (2020 жылдың 12 айында – 1501 өтініш).
Жоғары тұрған ұйымдардан 273 өтініш жолданды, оның ішінде:
ҚР Президенті Әкімшілігі – 95, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі – 131; ҚР Парламенті – 47.
Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне заңнамада белгіленген мерзімде тиісті жауаптар берілді.
Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің талдауы олардың көп бөлігі мынадай мәселелерді қозғайтынын көрсетті:
басқалары - 32 %.