"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 278-бабының 29-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қағаз және электрондық нұсқада оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде ресми жариялау үшін оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
______________М. Әбілқасымова
2018 жылғы 23 мамыр
|
|
Қазақстан Республикасы |
Жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерінің есептеу
Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша міндеттемелерді есептеу кезінде пайызды есептеу жөніндегі арифметикалық функция пайдаланылады:
S=B*n%, мұндағы:
S - оқыту жөніндегі міндеттемелер сомасы;
B – есептеу базасының сомасы;
n% – Келісімшартта бекітілген пайыздық көрсеткіш.
|
|
Жер қойнауын |
Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша міндеттемелерді орындау бөлігінде пайыздық көрсеткішті (n%) есептеуге негіз болатын есептеу базасы (В)
|
№ |
Келісімшартта (лицензияда) белгіленген есептеу базасы |
Лицензиялық/келісімшарттық талаптарының есебіндегі баптың атауы |
|
1. |
инвестициялар/инвестициялық шығындар/ ассигнациялар |
инвестициялар |
|
2. |
барлауға арналған инвестициялық шығындар/ барлауға арналған инвестициялардың жалпы көлемі (Барлау кезеңінде) |
инвестициялар |
|
3. |
барлауға арналған инвестициялық шығындар / барлауға арналған инвестициялардың жалпы көлемі (Өндіру кезеңінде) |
геологиялық барлауға арналған шығындар |
|
4. |
өндіруге арналған инвестициялық шығындар / өндіруге арналған инвестициялардың жалпы көлемі (Барлау кезеңінде) |
өндіруге арналған шығындар |
|
5. |
өндіруге арналған инвестициялық шығындар / өндіруге арналған инвестициялардың жалпы көлемі (Өндіру кезеңінде) |
инвестициялар |
|
6. |
барлауға арналған шығындар / геологиялық барлауға арналған шығындар |
геологиялық барлауға арналған шығындар |
|
7. |
өндіруге арналған шығындар / өндіруге арналған шығындар |
өндіруге арналған шығындар |
|
8. |
барлауға/өндіруге арналған күрделі шығындар |
күрделі шығындар |
|
9. |
күрделі шығыстар |
күрделі шығындар |
|
10. |
пайдалану шығындар |
өндіруге арналған шығындар |
|
11. |
операциялық шығындар |
геологиялық барлауға/өндіруге арналған шығындар (кезеңге байланысты) |
|
12. |
бюджет/ жалпы шығындар (шығыстар)/ шығыстар (шығындар) |
лицензиялар және келісімшарттар бойынша қаржылық міндеттемелер |