Бүгінде Қазақстанда жылу энергетикасы саласын реттейтін бірыңғай салалық Заң жоқ. Сала мәселелері «Электр энергетикасы туралы» Заңда ішінара көрсетілген, бірақ барлық қажетті аспектілерді қамтымайды.
Жылумен жабдықтау саласындағы негізгі проблемалардың ішінде-негізгі жабдықтың жоғары тозуы (орта есеппен 59% деңгейінде) және жабдықтың пайдалы әсер коэффициентінің төмен болуы (орта есеппен 35-50%).
Бұдан басқа, жылумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін айқындау қажет. Саланы мемлекеттік реттеуді бірнеше мемлекеттік органдар жүзеге асырады: Энергетика министрлігі - энергия өндіру саласындағы саясат, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – жылу энергиясын беру және тұтыну саласындағы саясат, Ұлттық экономика министрлігі – тариф белгілеу. Бұл ретте, Қазақстанда жылу энергетикасы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау қарастырылмаған.
Жылумен жабдықтау саласына инвестициялар тарту тетігін енгізу талап етіледі. Табиғи монополиялар субъектілерінің (энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың) тарифтері жылу энергиясын өндіруге және беруге нақты шығындарды жаппайды, бұл саланың инвестициялық тартымдылығына кері әсер етеді.
Құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарына енгізілетін болады. Заң жобасын әзірлеу кезінде техникалық көмекті Азия Даму Банкі (АДБ) көрсетуде.
Бүгінгі таңда Үкіметтің заң шығару жұмысы қағидаларының жаңадан енгізілген талаптарына сәйкес реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының жобалары мынадай тұжырымдамалар бойынша әзірленіп жарияланды:
1) «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы (Министрліктің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/220012?lang=kz
Ашық НҚА порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11970389);
2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жылу энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы (Министрліктің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/220021?lang=kz
Ашық НҚА порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11970674);
3) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Заңының жобасын тіркеу (Министрліктің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/220024?lang=kz
Ашық НҚА порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11970935).
Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген консультативтік құжаттарды 06.10.2021 жылы Ашық НҚА порталында талқылаудың басталғаны туралы хабарлаймыз және көрсетілген құжаттарды талқылауға халықтың белсенді қатысуын сұраймыз, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.