Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде
2021 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІҚазақстан РеспубликасыЗаңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2021 жылдың 6 айында Министрліктің "Азаматтардың өтініштері" базасына – 1572 өтініш түсті (649 - арыз, 138 – шағым, 785 - басқалары), оның ішінде жеке тұлғалар – 584 бірлік және заңды тұлғалар – 988 бірлік .
2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өтініштер саны 486 бірлікке артты (2020 жылдың 6 айында – 1086 өтініш).
Жоғары тұрған ұйымдардан 184 өтініш жолданды, оның ішінде:
ҚР Президенті Әкімшілігі – 63, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі – 90; ҚР Парламенті – 31.
Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне заңнамада белгіленген мерзімде тиісті жауаптар берілді.
Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің талдауы олардың көп бөлігі мынадай мәселелерді қозғайтынын көрсетті: