Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
кейбір бұйрықтарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларында:
1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау тәртібі»;
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Пайдаланушы ұйым шындыққа ұқсайтын, соған сәйкес тәртіп бұзушылар ядролық материалға немесе ядролық қондырғыға қатысты диверсия жасауы мүмкін сценарийлерді қамтитын жергілікті жобалық қатерді дайындап, уәкілетті органға келісу үшін жібереді.»;
2-тарау мынадай мазмұндағы 14-параграфпен толықтырылсын:
«14-параграф. Ядролық материалдарды тасымалдау кезінде физикалық қорғауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
1) осы ядролық материалдың санатына сәйкес тасымалдау кезінде және уақытша сақтау кезінде ядролық материалды қорғау;
2) ядролық материалдардың жүру жолында болуының жалпы уақытын барынша шектеу;
3) ядролық материалды берудің (бір тасымалдау құралынан екіншісіне артық тиеу, ядролық материалды уақытша сақтауға беру және осы сақтаудан кейін осы материалды алу, сондай-ақ тасымалдау құралының келуін күту кезіндегі уақытша сақтау операциялары) саны мен ұзақтығын барынша азайту;
4) тасымалдау шарттарын ескере отырып, көлік құралдары қозғалысының графигін, кестесін және бағытын жасау;
5) ядролық материалды тасымалдауға қатысатын барлық адамдардың игілігі үшін міндетті алдын ала тексеру жүргізу;
6) тасымалдау туралы алдын ала ақпаратты білетін адамдар санын қажетті минимумға жеткізуді қамтамасыз ету;
7) орын алған қатерлерді бағалауға немесе жобалық қатерге сәйкес пассивті және (немесе) белсенді физикалық қорғау шаралары бар материалдарды тасымалдау жүйесін пайдалану;
8) дүлей зілзала, жаппай тәртіпсіздіктер аудандарын немесе белгілі қауіп төнген аймақтарды қиып өтпейтін маршруттарды анықтау;
9) персоналдың қатысуынсыз (бақылауынсыз) орамаларды және (немесе) тасымалдау құралдарын белгілі бір уақыттан артық қалдыру мүмкіндігін болдырмау;
10) көлік құралын жүргізетін, ядролық материалдарды алып жүретін және қорғауды жүзеге асыратын адамдардың тиісті рұқсатының болуын қамтамасыз ету;
11) көлік құралдарына белгілер мен жазбалар түсіруді және тасымалдау құжаттарына жүктің сипаты мен көлік құралдарының мақсаты туралы куәландыратын жазбаларды енгізуді болдырмау;
12) ядролық материалдарды жөнелтуді жүк алушыдан ядролық материалдарды қабылдауға дайын екендігі туралы жазбаша растауды алғаннан кейін ғана жіберу, ал ядролық материалдарды жүк алушы тасымалдаған жағдайда – сондай-ақ ядролық материалдарды тасымалдауға арналған лицензияны алғаннан кейін жүзеге асыру;
13) ядролық материалдарды тасымалдау туралы хабарламаларды беру үшін кодтау құралдарын және арнайы байланыс арналарын пайдалану;
14) жүк алушыны жүк жөнелтілгені туралы және жүк жөнелтушіні жүкті алғаны туралы хабардар етуді қамтамасыз ету;
15) тасымалданатын ядролық материалдардың қорғалуы мен қауіпсіздігін, жүру жолында немесе жүру бағыты бойынша авариялық жағдай туындаған жағдайда көлік құралына ықтимал шабуылға тойтарыс беруді қамтамасыз ететін қосымша шараларды бірлесіп анықтау мақсатында күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының Қазақстан Республикасының тиісті ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
16) ядролық материалдарды тиеу және жөнелту алдында көлік құралдарын істен шығаруға, тасымалданатын ядролық материалдарды зақымдауға және (немесе) ядролық материалдарға қатысты рұқсатсыз іс-әрекеттер жасауға ықпал ететін құрылғылардың болмауы тұрғысынан көлік құралдарын қарап тексеруді қамтамасыз ету қажет.
Осы мониторингке жауапты персоналдың тиісті біліктілігі және құпия ақпаратқа рұқсаты болады.
1) техникалық жарамды және арнайы жабдықталған көлік құралдарын беруді;
2) белгіленген талаптарға сәйкес көлік құралдарын инженерлік және техникалық физикалық қорғау құралдарымен жабдықтауды;
3) арнайы дайындықтан өткен және жұмысқа тиісті рұқсаты бар жоғары білікті жүргізушілердің, экипаждардың немесе бригадалардың көлік құралдарын жүргізуін қамтамасыз етеді.
I немесе II санаттағы ядролық материалдарды тасымалдау кезінде ілесіп жүретін персонал мен күзет және ден қою күштері жүктен оқшауланған қызметтік үй-жайларда немесе осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған жеке вагондарда орналастырылады.
Жүкті тек қана жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемесінде тасымалдау керек, бұл әуе кемесінде ядролық материал жалғыз жүк болады.
Ядролық материалдар құлыпталған және пломбаланған қауіпсіз бөлікте немесе контейнерде орналастырылады.
Ядролық материалдарды халықаралық қатынаста тасымалдау кезінде физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін тасымалдауға қатысушы мемлекеттер заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Барлық тасымалдауға қатысушы мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары тарапынан олардың мемлекеттерінің аумағы арқылы тасымалдау кезінде ядролық материалдар Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияда айқындалған деңгейден төмен емес деңгейде физикалық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетіні туралы міндеттемелер болған кезде ғана, ядролық материалдарды халықаралық қатынаста тасымалдау жүзеге асырылады.
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайдаланушы ұйым әзірлейтін құжаттама тізбесі».
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық материалдарды тасымалдау қағидаларында:
192-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«192. ЯМ-ді тасымалдау кезінде ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияның және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13498 болып тіркелген) Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларының ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау жөніндегі талаптарын басшылыққа алу қажет.»;
193-тармақ алып тасталсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Министрдің м.а. |
|
М. Досмухамбетов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 14.11.2019
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 19598 болып енгізілді