«Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 247 бұйрығы

«Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2021 жылғы 27 шілдедегі № 247 бұйрығы

 

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы
№ 40 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 247 бұйрығын  (бұдан әрі – Бұйрық) әзірледі.

 

Бұйрық «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру үшін «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы
12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

 

Өзгерістер енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы   8 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидалары (бұдан әрі – Физикалық қорғау қағидалары) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланудағы және (немесе) сақтаудағы ядролық материалдармен, және (немесе) ядролық қондырғыларды пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға ғана қолданылды.

 

Бұйрықта табиғи уранды өндіру және (немесе) онымен жұмыс істеу жөніндегі кәсіпорынға қойылатын талаптар бөлігінде Физикалық қорғау қағидаларын жаңа параграфпен толықтыру көзделеді.

 

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, жаңартылған Физикалық қорғау қағидалары табиғи уранды өндіру және (немесе) онымен жұмыс істеу жөніндегі кәсіпорындарға физикалық қорғауға қойылатын талаптарды айқындайтын болады.

 

Жоғарыда көрсетілген Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

«Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 247 бұйрығы
Дата публикации
09 августа 2021