Қазақстанда атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына және тексеру парақтарына өзгерістер енгізілді
Тексеру жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы Бірлескен бұйрығымен № 811 (бұдан әрі-бірлескен бұйрық) атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына және тексеру парақтарына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі.
Бақылау және қадағалау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға ықпал ететін, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін факторлармен байланысты сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары болып табылады.
Тексеру парағы оларды сақтамау адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптардың тізбесін қамтиды.
Бұйрықтың кіріспесі, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері «Құқықтық актілер туралы» Заңның 25-бабының 5-тармағына сәйкестендірілді.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысының 4-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің (бұдан әрі – ҚР СИМ) функцияларына жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру жатады. Осыған байланысты, ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III - IV санаттағы объектілермен қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парақтарында ҚР СИМ функцияларына жататын пункттер алып тасталды.
Жоғарыда көрсетілген Бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.