Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде 2021 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде

2021 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІҚазақстан РеспубликасыЗаңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2021 жылдың 6 айында Министрліктің "Азаматтардың өтініштері" базасына – 929 өтініш түсті (370 - арыз, 111 – шағым, 448 - басқалары), оның ішінде жеке тұлғалар – 331 бірлік және заңды тұлғалар – 598 бірлік .

2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өтініштер саны 211 бірлікке артты (2020 жылдың 6 айында – 718 өтініш).

Жоғары тұрған ұйымдардан 114 өтінішжолданды, оның ішінде:
ҚР Президенті Әкімшілігі – 40, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі – 49; ҚР Парламенті – 25.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне заңнамада белгіленген мерзімде тиісті жауаптар берілді.

Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің талдауы олардың көп бөлігі мынадай мәселелерді қозғайтынын көрсетті:

  • электрэнергетикасы, электр және жылумен жабдықтау, атом саласы, ЖЭК - 24 %;
  • жер қойнауын пайдалану– 22 %;
  • газбен жабдықтау - 16 %;
  • мұнай - 15 %;

басқалары - 23 %.

Дата публикации
03 июля 2021