Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс және Оңтүстік өңіраралық басқармаларының 2021 жылдың 1 тоқсан қызметінің нәтижелері бойынша қысқаша ақпарат
Мемлекеттік бақылау:
Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент), мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс және Оңтүстік өңіраралық басқармалары (бұдан әрі-батыс, оңтүстік басқарма) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Департаменттің, сондай-ақ Батыс және Оңтүстік басқармалардың құзыретіне мыналар жатады:
-Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді мемлекеттік бақылау;
-Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;
-Көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі емлекеттік бақылау;
- Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау;
- Өтініш берушілердің көмірсутегі саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылау (рұқсат беру бақылауы);
- Өтініш берушілердің газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылау (рұқсат беру бақылауы);
- Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар талаптарының, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің сақталуын бақылау.
2021 жылдың 1 тоқсан кезеңінде ҚР магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын бақылау саласында тексеру жүргізілген жоқ. Осы сала үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары қарастырылмаған. Субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардантыс тексеру нысанында бақылау жүргізіледі. Соныменқатар, 2021 жылдың 1 тоқсанына тексеру тағайындау үшін негіздер түскен жоқ.
2021 жылғы 1 тоқсанда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер талаптарының сақталуына бақылау жүргізілген жоқ.
2021 жылдың 1 тоқсанында көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің бекітілген тізіміне сәйкес 1 профилактикалық бақылау жүргізілді.
2021 жылғы 1 тоқсанда мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді мемлекеттік бақылау саласында субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің бекітілген тізіміне сәйкес 2 профилактикалық бақылау жүргізілді.
2021 жылдың 1 тоқсанына уран өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде бақылау жүргізілген жоқ. Осы сала үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары қарастырылмаған. Субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексеру нысанында бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 тоқсанына тексеру тағайындау үшін негіздер түскен жоқ.
2021 жылдың 1 тоқсанына кезеңінде жүргізілген жоспардан тыс тексерулер:
- мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді мемлекеттік бақылау саласында жоспардан тыс тексерулер жүргізілген жоқ.
- 4 көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы бұзуға жол бергені үшін 12,273 млн.теңге айыппұлдар салынып, оның 12,273 млн.теңге өндірілді.
- газ және газбен жабдықтау саласындағы 3 жоспардан тыс тексеру, оның нәтижелері бойынша газ және газбен жабдықтау туралы заңнаманың бұзылуына жол бергені үшін 2,0419 млн.теңге салынды. Әкімшілік істер сотқа шағымдану сатысында.
Өтініш берушілердің біліктілік және / немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылау (рұқсат беру бақылауы) Кәсіпкерлік кодекске сәйкес профилактикалық бақылау нысанында барып жүргізіледі.
Өтініш берушілердің біліктілік және / немесе рұқсат беру талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында 2021 жылдың 1 тоқсанына:
- газ және газбен жабдықтау саласындағы 4 профилактикалық бақылау жүргізілді.
- көмірсутектер саласындағы 29 профилактикалық (рұқсаттық) бақылаужүргізілді.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша және ұсынылған материалдар негізінде 2021 жылдың 1 тоқсанына 7000000 теңге көлемінде шығын өндірілді.
Мемлекеттік қызметтер:
«Көмірсутектерсаласындағы тау-кенөндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия».
Лицензиялау жерқойнауын қауіпсіз пайдалануды, сондай-ақ адамдарды ңөмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
2021 жылдың 1 тоқсанына: 13 лицензия және (немесе) оған қосымша берілді, 6 лицензия қайта ресімделді.
Лицензиялық алымдар бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанына бюджетке 1,898967 млн.теңге түсті.
«Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру»:
Газды жағуға рұқсат жағылатын газ көлемін реттеу мақсатында, яғни жер қойнауын ұтымды емес пайдалануға жол бермеу үшін беріледі.
2021 жылдың 1 тоқсанына 31 рұқсат ресімделді.
«Газ желісі ұйымдарын акредиттеу»:
Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу газ желісі ұйымдарын уәкілетті органның ҚР газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін деп ресми тану рәсімін жүзеге асыру.
2021 жылдың 1 тоқсанына: 1 газ желісі ұйымы аккредиттелді.
2021 жылдың 1 тоқсанына теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат берілген жоқ.