Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (бұдан әрі – Кодекс) бойынша жалпы оқыту іс-шараларын тұрақты негізде өткізеді.
А.ж. 17 наурызда Кодексті кезекті онлайн талқылау өткізілді.
Талқылауға Министрліктің, ведомствоның және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты.
Отырыста:
1) Кодекстің негізгі ережелері, Кодекске сәйкес өтініштерді қарау тәртібі (қазіргі тәртіптен айырмашылығы);
2) Кодекс бойынша әкімшілік сот ісін жүргізу;
3) мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі талқыланады.
Сонымен қатар, отырыста салалық заңнаманы Кодекске сәйкес келтіру бойынша шараларды уақтылы қабылдау қажеттілігі туралы мәселелер қаралды.