Стратегиялық объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу туралы
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен сенімгерлік басқару шартын жасасу арқылы «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының
100% акциялар пакетіне үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин