Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті туралы ереже

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті туралы ереже.

  1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
  4. Департамент мынадай:

1) мұнай тасымалдауды мониторингтеу және мұнай жобаларын дамыту;

2) мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру мониторингі;

3) мұнай өндіруді мониторингтеу және талдамалы жұмыс;

4) мұнай-газ саласындағы еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқармалардан тұрады.

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті туралы ереже
Дата публикации
17 февраля 2020