«Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 16 қазандағы № 338, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 909, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 1156 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2019 жылғы 18 қазандағы № 84/қе бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы

««Жағар материалдарға, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» (КО ТР 030/2012) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 59 шешімімен қабылданған Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес декларациясы болған жағдайда ЕАЭО СЭҚ ТН-нің тиісті кодтары бар келесі тауарларды автомобиль көлік құралымен Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге рұқсат етіледі: 1) ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 820 0 кодынан мотрлы майлар; 2) ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 880 0 кодынан трансмиссиондық майлар; 3) ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 840 0 кодынан гидравликалық майлар; 4) ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 820 0, 2710 19 880 0, 2710 19 980 0 кодтарынан индустриалдық майлар; 5) ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 820 0 кодынан компрессорлық майлар; 6) ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 820 0 кодынан турбиналық майлар; 7) ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 920 0 кодынан бүлінуге қарсы майлар; 8) ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 940 0 кодынан электр өткізбейтін майлар; 9) ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 980 0 кодынан базалық майлар; 10) ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 290 0, 2710 19 920 0 салқындатқыш сұйықтықтар.».

«Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 16 қазандағы № 338, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 909, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 1156 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2019 жылғы 18 қазандағы № 84/қе бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
03 февраля 2020