«Қазақстан Республикасының уран өндіру кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 8 тамыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының уран кен орындарын әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 183-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының уран кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы ереже бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының уран өндіру кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |