2026 ж. 3 тоқсанда өтініштерді қарастыру жөніндегі статистикалық есеп

2026 жылғы 3 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жай-күйі туралы 

 

            2026 жылдың үшінші тоқсанында «e-Otinish» ақпараттық жүйесінде (Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетін, аумақтық департаменттер мен ведомствоға қарасты ұйымдардымен қоса) 5 780 өтініш тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі өтініштер санымен                 (5 752) салыстырмалы деңгейде.

        

         Өтініштер жолдаған алдыңғы қатарлы бес өңір мыналар болды: Алматы қаласы (барлық сауалдың 20%-ы), Астана қаласы (16,4%), Алматы облысы (8,4%), Маңғыстау облысы (6,5%) және Қарағанды ​​облысы (5,6%).

         «e-Otinish» АЖ арқылы шамамен 2700 өтініш беруші өтініш жолдады. Өтініш берушілердің орташа жасы 48,82 жасты құрады.

Министрлікке өтініш білдірген азаматтардың ең үлкен үлесін белсенді еңбекке жарамды жастағы адамдар құрайды:

28–39 жас – 25,8%,

40–51 жас – 21,9%,

52–63 жас – 9,3%.

Заңды тұлғалардың үлесі 33,16%-ды, ал жеке тұлғалардың үлесі 66,8%-ды құрады.

«Smart Data Ukimet» талдау жүйесінің деректеріне сәйкес, өтініштер санаттар бойынша келесідей бөлінді:

Электр энергетикасы саласы – 1,25 мың сауал (35,7%)

Атомдық және электр энергиясын пайдалану саласындағы бақылау мен қадағалау – 571 (16,3%)

Жер қойнауын пайдалану – 497 (14,2%)

Мұнай өнеркәсібі – 359 (10,3%)

Газ және мұнай-химия – 301 (8,6%)

Жылу, су және газбен жабдықтау – 254 (7,3%)

Жаңартылатын энергия көздері – 85 (2,4%)

Басқалары – 181 (5,2%).

 

Министрлік қызметінің бағыттарына қатысты ең өзекті бес мәселе мыналар болды:

«Электр және жылумен жабдықтау» – 875,

«Жер қойнауын пайдаланушылардың лицензия және келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау» – 171,

«Магистральдық құбыржолдар» – 158,

«Электр энергетикасы кәсіпорындарының қызметі» – 141,

«Мұнай және мұнай өнімдерімен жабдықтау» – 130.

 

 Жеке қабылдаулар жөнінде

2026 жылдың 3 тоқсанында Министрлік басшылығы 12 жеке қабылдау өткізді, оның ішінде  Министр – 8, Вице-министрлер – 4. Қабылдаулар барысында 21 адам (11 жеке, 9 заңды тұлға) қабылданды. 

Қабылдаулар қатаң түрде бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді, басшылықты негізсіз өзгерту жағдайлары тіркелген жоқ.

 

 

Дата публикации
06 октября 2026