Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардағы жергілікті қамтудың үлесін белгілеу бөлігінде Қазақстан Республикасы ДСҰ шеңберінде қабылдаған міндеттемелер туралы ақпарат

2015 жылы Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға мүше болып кірді (Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі Марракеш келісіміне қосылу (Женева, 2015 жылғы 27 шілде)) және 2021 жылға дейінгі өтпелі кезеңмен тиісті хаттама (2015 жылғы 12 қазандағы №356-V ҚРЗ ҚР Заңымен) бекітілді.

Заңнама нормаларын ДСҰ талаптарына сәйкес келтіру үшін Қазақстанға 2021 жылғы 1 қазанға дейін өтпелі кезең берілген болатын.

ДСҰ талаптарына сәйкес,  Қазақстан Республикасы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:

- жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда тауарлардағы жергілікті қамту бойынша талаптарды және қазақстандық өндірушілер үшін 20%-дық шартты жеңілдікті алып тастау;

- 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда жұмыстардағы/қызметтердегі жергілікті қамту бойынша талаптарды 50%-ға дейін төмендету;

(2011 жылғы 1 қыркүйекке дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда жұмыстардағы/қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелер сақталады, ал қазақстандық өндірушілер үшін 20%-дық шартты жеңілдік те сақталады және уақытпен шектелмейді).

- 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда кадрлардағы (1, 2 санат) жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді 50%-ға дейін төмендету қажет; 

для СМИ про ВТО каз
Дата публикации
23 декабря 2020