"Стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы

Баспасөз-хабарлама

 «Стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына баспасөз-хабарламасы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 353 қаулысына сәйкес, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес компаниясы «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы магистральдық газ құбыры жөніндегі ұлттық оператор болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысымен магистральдық газ құбырлары стратегиялық объектілер тізбесіне енгізілген.

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 193-1 бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 187-бабының 1-тармағына сәйкес стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде мүмкін.

Осы «Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасымен (бұдан әрі – Жоба) «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның «Өзен – Ақтау» магистральдық газ құбырын «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның пайдасына иеліктен шығару көзделеді

«Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысының 7-тармағына сәйкес, аталған мәмілені жасасу бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің оң қорытындысы алынды.

Осы жобаны әзірлеуші Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі болып табылады

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды

"Стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы
Дата публикации
11 декабря 2020