«Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

«Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның атауы мен орналасқан жері: «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК, 050032, Алматы қ., Ибрагимов к-сі, 1, тел +7 727 386 68 00

Кәсіпорынның негізгі қызметі: мемлекетке тиесілі стратегиялық объектілерді пайдалану және ұстау, атом энергиясын пайдалану саласында ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық дамуы саласында ғылым мен технологияны дамыту және практикалық қолдану.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жаратылыстану, техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары білім, міндетті түрде техникалық немесе жаратылыстану ғылымдары саласында ғылыми дәрежесінің болуы. Экономика саласы кәсіпорнының тиісті бағытына сәйкес мамандығы бойынша басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты және нормативтік құқықтық актілерді білу. Стратегиялық ядролық объектілер, ядролық, радиациялық, электрофизикалық қондырғылардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, бұрын ядролық сынақтар жүргізілген жерлердің аумақтарын зерттеп-қарау, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулердің бағдарламалық-нысаналы, базалық қаржыландыру мәселелері бойынша білім, дағды және жұмыс тәжірибесінің болуы (5 жылдан кем емес).

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын міндетті құжаттардың тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) нотариалды куәландырылған білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (086У формасы).

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім барлық құжаттар болған кезде қабылданады.

Өтініштерді ұсыну мерзімдері: конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн өткен соң аяқталады.

Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» ММ, Қабанбай батыр даңғылы, 19 А. 301-кабинет, электрондық мекенжайы: a.kazbekova@energo.gov.kz . анықтама телефоны: +7 (7172) 78 68 92.

Конкурс 2020 жылғы 25 желтоқсанда мына мекенжайда өтеді: 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19 А.

«Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
07 декабря 2020