
Ержан Ерболұлы Ертаев 1985 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар инновациялық Еуразия университетін «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» (2008) және «Құқықтану» (2012) мамандықтары бойынша бітірген. «Энергетикалық саясат және халықаралық сауда» бағдарламасы бойынша Анхальт қолданбалы ғылымдар университетін (Германия) бітірген. Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA).
Еңбек жолын 2009 жылы жеке секторда электромеханик болып бастады.
2009-2013 жж. – Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, бас маманы.
2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің бас сарапшысы.
2014-2015 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басқарма басшысы.
2015-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.
2017-2018 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.
2018-2020 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
2020-2021 жж. – Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
2021-2022 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы аппаратының басшысы.
2022-2023 жж. – «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС Бас директоры.
2023-2024 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2024-2026 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы.
2026 жылғы 22 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерболұлы Ертаев ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды.