GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
Денсаулық сақтау
04 августа 2026
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылғы 9 шілдедегі №138-Ж бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 10 шілдеден бастап Дархан Әріпұлы Сыбанбаев Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасы директорының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Дархан Әріпұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-хирург. Денсаулық сақтау саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Еңбек жолында дәрігер-хирург қызметінен бастап, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына дейінгі кәсіби жолдан өтті. 2020 жылдан Қарғалы ауылдық аудандық ауруханасының директоры қызметін атқарса, 2024 жылдан бері Жамбыл көпбейінді ауданаралық ауруханасын басқарды.

Дархан Әріпұлының мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі өңірдің денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуға өз үлесін қосатынына сенім білдіреміз. Жаңа қызметіне табыс, жауапты жұмысында толағай жетістіктер және мықты денсаулық тілейміз.

20 июля 2026
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! МОТОЦИКЛ, ЭЛЕКТР ВЕЛОСИПЕДІ ЖӘНЕ КВАДРОЦИКЛ ИЕЛЕРІ!

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында мотокөлік құралдарына арналған арнайы белгіленген маршруттар жоқ.

ЕҚТА (ерекеше қорғалатын табиғи аумақтар) аумағында жалпыға ортақ автомобиль жолынан тыс жерге шығуға тыйым салынады.

Сондай-ақ орман шаруашылығы жолдарымен және мал айдау соқпақтарымен жүруге тыйым салынады.

Аталған әрекеттер ерекше қорғалатын табиғи аумақ режимін бұзу болып есептеледі және:

* ЕҚТА аумағында заңсыз болғаны үшін;
* ЕҚТА-ның белгіленген режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке әкеп соғады.

Тыйым салудың себебі:

Мотокөлік құралдарының қозғалысы жабайы жануарларға мазасыздық туғызады және топырақ жамылғысының бұзылуы мен эрозиясына әкеледі.

ЕҚТА аумағында болу қағидаларын сақтауларыңызды және тек жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен ғана жүрулеріңізді сұраймыз.

02 июля 2026
Астана күніне орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Астана күнінде, яғни 6 шілдеде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

Ал 4 шілде, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсетіледі. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.

7 шілдеден бастап ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 байланыс орталығы арқылы білуге болады.

16 июня 2026
Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру мен процестерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып цифрлық қызметтерді дамыту көзделген. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасының заманауи стандарттарын енгізу арқылы клиенттік тәжірибені жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады.

«Себебі жаңа технологиялар мен заманауи үрдістерді уақытында меңгеру өте маңызды. Біздің мақсатымыз - тек жақсы тәжірибемен танысу емес, олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап, Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бейімдеу. Сонымен қатар бұл - өзара тиімді серіктестік. Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі.  Сондықтан біз халықаралық тәжірибені үйреніп қана қоймай, өз жетістіктерімізбен де бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Меморандум кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты да қамтиды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ тағылымдамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу және талдамалық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

«Бұл сапар біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап, жүйелі әріптестіктің негізін қалайды», - деді Грузияның Әділет үйінің төрағасы Вахтанг Жвания.

Айта кетейік, екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация Грузияның Әділет үйінде болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен, қолданыстағы цифрлық шешімдермен және клиенттер ағынын басқару жүйесімен танысты. Сондай-ақ Грузия Ішкі істер министрлігінің Сервистік агенттігі мен Грузия Әділет оқу орталығында кездесулер өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың дамуын талқылады.

 

11 июня 2026
Ең басты ережені есте сақтаңыз
Ашық әкімдік
Жаңашар ауылдық округінің әкімін сайлау - 07 маусым 2026 жыл
10 июня 2026
2026 жылғы 7 маусымда Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашар ауылдық округі әкімі сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:
Байтілеуов Айдын Сәрсенбайұлы үшін сайлаушылардың 521 дауысы берілді;
Ибраимова Динара Төлегенқызы үшін сайлаушылардың 396 дауысы берілді;
Нұрланов Айбек Нұрланұлы үшін сайлаушылардың 2165 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 10.
Сайлау қорытындылары бойынша Жаңашар ауылдық округі әкімі болып:
1976 жылы туған, Есік қаласының тұрғыны, Жаңашар ауылдық округы әкімінің орынбасары Нұрланов Айбек Нұрланұлы сайланды.

Ішкі саясат
15 апреля 2026
Есірткі «жасырын қоймаларын» (закладка) немесе оларды таратумен айналысатын тұлғаларды анықтаған кездегі іс-қимыл алгоритмі

Жалпы қағидалар
Жеке қауіпсіздік – басты басымдық.
ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ: күмәнді заттарға қол тигізуге, күдікті тұлғаларды өз бетінше ұстауға.
Барлық әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
______________
Есірткі «жасырын қоймасын» анықтаған кезде
1. Затқа қол тигізбеңіз.
2. Орналасқан жерін тіркеңіз (координаттар, фото, видео).
3. Дереу 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.
4. 102 операторыңа бар ақпаратты хабарлаңыз (нақты мекенжай, бағдарлар, заттың сипаттамасы).
5. Мүмкіндігінше, полиция келгенге дейін затты көзбен бақылауда ұстаңыз.
6. Тек полиция қызметкерлерінің нұсқауы бойынша әрекет етіңіз.
______________
Есірткі тасымалдаушыны (курьерді) анықтаған кезде
1. Байланысқа түспеңіз.
2. Күдіктінің белгілерін тіркеңіз (жалпы сипаттама: ұлты, бойы, жасы, ерекше белгілері, киімі, қозғалыс бағыты, автокөліктің мемлекеттік нөмірі болса).
3. Дереу 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.
4. Операторға барынша толық ақпарат беріңіз.
5. Қауіпсіз қашықтықта бақылаңыз, күдіктімен байланысқа түспеңіз.
______________
Құқықтық салдары
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі:
• 112-бап – қажетті қорғаныс шегінен шығу.
• 125–126-баптар – заңсыз бас бостандығынан айыру.
• 296–297-баптар – есірткі құралдарын заңсыз сақтау немесе өткізу.

Ашық әкімдік
08 апреля 2026
БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бұйрығына сәйкес, Акимов Даурен Абилакинович Еңбекшіқазақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Талғар ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

31 марта 2026
Қазақстанда құжаттарды үйге жеткізу қызметі кеңінен қолданыла бастады

Құжаттарды үйге жеткізу қызметі дайын құжаттарды ХҚКО-ға қайта бармай-ақ алуға мүмкіндік береді және бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді. 2026 жылы бұл қызметке сұраныс артып келеді - алғашқы үш айда 426 жеткізу рәсімделгенін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Қызметті өтініш беру кезінде бірден рәсімдеуге болады. Құжат дайын болған соң ол көрсетілген мекенжайға жеткізіледі. Бұл уақытын үнемдегісі келетін немесе орталыққа өзі бара алмайтын азаматтар үшін өте ыңғайлы.

Жеткізуді өтініш беру кезінде бірден рәсімдеуге болады. Ол үшін мекенжайды көрсетіп, қызмет ақысын төлеу жеткілікті. Құжат дайын болған соң курьер қызмет алушымен байланысып, сол күні жеткізіп береді. Құжатты алу кезінде жеке куәлік пен растау коды тексеріледі

Айта кету керек, курьерлік жеткізу 15 мемлекеттік қызметті қамтиды. Оның ішінде туу, неке, ажырасу және қайтыс болу туралы қайталама куәліктер, архивтік анықтамалар мен білім туралы құжаттардың телнұсқалары, сондай-ақ апостиль қою және азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру бар.

Қызмет құны өңірге байланысты: Алматы, Астана және Шымкент қалаларында жеткізу бағасы 2061 теңге болса, басқа өңірлерде - 1036 теңге.

Бұл ретте құжатты жеткізу процесін «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады. Бұл құжаттың қай кезеңде екенін артық қоңырауларсыз білуге мүмкіндік береді.

Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында бұл қызмет 2024 жылы іске қосылып, құжаттарды алу процесін жеңілдетуге, уақытты үнемдеуге және ХҚКО-ға қайта бару қажеттілігін азайтуға бағытталған.

17 марта 2026
17 наурыз 2026 жылы «Жанашар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында ауыл тұрғындарымен 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ауылдық округ әкімі есебінің жария талқылауы өтті.

«Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп.

«Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметінің негізгі бағыттары:

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;
  • Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • Көрсетілген қызметті алушылардың құқықтарының, заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдау.

Қызметті беруші туралы мәлімет: «Жаңашар ауылдық округі әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі, мекен жайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашар ауылы, Кузиева көшесі,66тел: 8 (72775) 28-4-71

  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бойынша Жаңашар ауылдық округі

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.

 

2025  жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

         "Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығының негізінде Жаңашар ауылдық округі  әкімі аппараты ММ-де мемлекеттік қызметтің 6 (алты) түрі көрсетіледі:

1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-0 ;

2) Сауда-саттықты  (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-15 ;

3) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату-0;

4) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою-121.

5) Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту-2

6) Кент және ауыл жерлерінен жер учаскесін беру-0

      Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 6  тегін,

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтықак тілердің саны - 6;

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 138.

-көрсетілген мемлекеттік қызметтер дің тегін көрсетілгені – 138, ақылы негізіндегі көрсетілгені – жоқ.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден  0  уәжді бас тарту болды.

 

Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

1) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

2)Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жеру часкелеріне құқықтарды алу

3)Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

 

Көрсетілетін қызметті алу шылар мен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат қақол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Жаңашар ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы көрнекті ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі найқындайтынзаңға тәуелді нормативтік құқықтықактілер, өтінішүлгілері мен байланыс телефондарының нөмірлері мен ақпараттық стенд ілінген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету гебағытталғаніс-шаралар (түсіндір ужұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

          "Электрондық үкімет" порталы арқылы пайдаланушылардың үлесін арттыру үшін Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылды, онда электрондық қызметтерді өз бетінше алуға кеңестер жүргізіледі. 2025 жылы" Электрондық бұрыштар " арқылы – 1365 қызметкөрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2025 жылы 52 түсіндірме іс-шарасы өткізілді.  «Еңбекшіқазақ» газетінде 4 мақала, Аудан әкімінің ресми сайтында 4 мақала, «instagram» әлеуметтік желілерінде 3 мақала, 3 дәріс, «Egov mobile» қосымшасының 1 тұсаукесері, 1 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, 1 қоғамдық талқылау, 2 бейнеролик жарияланды, 3 инфографика жарияланды, 4 семинар өткізілді, 2 дөңгелек үстел өткізіліп, 0 билборд, 0 брошюра, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 37 625 адам түсіндірме іс-шараларымен қамтылды.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы мәліметтер.

          Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

 

 

Жаңашар  ауылдық округінің әкімі                                                  С. Жакежанов                                   

 

 

 

Отчет о деятельности ГУ  «Аппарат акима Жанашарского сельского округа » по вопросам оказания государственных услуг за 2025 год.

Основные направления деятельности ГУ «Аппарат акима Жанашарского сельского округа»  по вопросам оказания государственных услуг:

  • Оказывать государственные услуги в соответствии с правилами государственных услуг;
  • Предоставлять полную и достоверенную информацию о порядке оказания государственных услуг услугополучателям в доступной форме;
  • повышать квалификацию работников в сфере оказания государственных услуг;
  • Информировать потребителей о порядке получения государственных услуг в электронном виде через портал «Электронного правительства»;
  • Создовать необходимые условия для лиц с ограниченными возможностями при получении ими государственных услуг;
  • Рассматривать жалобы услугополучателей и информировать их о результатах рассмотрения в сроки, установленные законодательством.

Услугодателям  является ГУ «Аппарат акима Жанашарского сельского округа» адрес: Енбекшиказахский район,  с.Жанашар, ул.Кузиева 66, тел: (872775) 28-4-71

Информация о государственных услугах, оказанных в 2025 году:

       Согласно приказу и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан № 39/НҚ от 31 января 2020 года «Об утверждении реестра государственных услуг» аппаратом акима Жанашарского сельского округа оказываются 6 (шесть) видов государственных услуг.

1) Выдача решения на изменения целевого назначения-0;

2) Приобретение прав на земельные участки, которые находятся в государственной собственности, не требующее проведения торгов (конкурсов, аукционов)-15 ;

3) Продажа земельного участка в частную собственность единовременно либо в рассрочку-0;

4) Постановка на очередь на получение земельного участка-121;

5) Продление срока аренды земельного участка-2

6) Предоставление земельного участка из земель поселка, села-0

      Количество государственных услуг, оказываемых на бесплатной основе -6;

    Количество утвержденных подзаконных нормативных правовых актов, определяющих порядок оказания государственных услуг -6;

     Общее количество оказанных услуг за 2025 год – 138;

- количество государственных услуг, оказанных на бесплатной основе – 138, на платной основе – нет.

          В 2025 году было 0 мотивированных отказа в оказании государственных услуг.

 

          Информация о наиболее востребованных государственных услугах.

Наиболее востребованные государственные услуги;

1)« Постановка на очередь на получение земельного участка»

2)«Приобретение прав на земельные участки, которые находятся в государственной собственности, не требующее проведения торгов (конкурсов, аукционов)»

3)«Выдача решения на изменения целевого назначения.»

 

                                 Работа с услугополучателями

      Сведения об источниках и местах доступа к информации о порядке оказания государственных услуг.

В здании аппарата акима Жанашарского сельского округа вывешен информационный стенд подзаконных нормативных правовых актов, определяющих порядок оказания государственных услуг, образцами заявлений, номерами контактных телефонов.

Мероприятия, направленные на обеспечение прозрачности процесса оказания государственных услуг (разъяснительные работы, семинары, встречи, интервью и иное).

Для увеличения доли пользователей через портал «Электронного правительства» в аппарате акима Жанашарского сельского округа создан уголок самообслуживания,где проводятся консультации для самостоятельного получения электронных услуг. За   2025 год через уголок самообслуживания было оказано – 1365  услуг.

Для обеспечения прозрачности процесса оказания государственных услуг в сельском округе на постоянной основе проводятся разъяснительные работы среди населения.

За 2025 год было проведено 52 разъяснительных мероприятия.  В газете "Еңбекшіқазақ" опубликовано 4 статьи,   4 статьи на официальном сайте акима округа, 3 статьи в социальных сетях "instagram", проведены 3 лекции, 1 презентация приложения "Egov mobile", 1 ярмарка государственных услуг, проведено 1 публичное обсуждение, опубликованы 2 видеоролика, опубликованы 3 инфографики,  проведены 4 семинара, проведены 2 «круглый стол» изготовлено 0 билборд, 0 брошюры, где разъяснительными мероприятиями по повышению качества оказания государственных услуг охвачено 37 625 человек.

Контроль за качеством оказания государственных услуг

      Информация о жалобах услугополучателей по вопросам оказания государственных услуг

          За отчетный период жалоб от услугополучателей по вопросам оказания государственных услуг не поступало.

 

 

Аким Жанашарского  сельского округа                                 С. Жакежанов

 

 

 

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы