"Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 маусымда № 32866 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің сапалы жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Бүлінген жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеу не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6,7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |