АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
2025 жылдың III тоқсанында Жанашар ауылдық округінде барлығы 11 іс-шара өткізіліп, жалпы қамту 9061 адамды құрады.
Халық үшін өткізілген іс-шаралар:
- Дәріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және ауыл тұрғындарын электронды форматта мемлекеттік қызметтерді алуға оқыту мақсатында өткізілді. Қатысқандар саны – 19 адам.
- Семинар – «Мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру мәселелері және оларды көрсету тәртібі» тақырыбында. Қатысқандар саны – 12 адам.
- Дөңгелек үстел – «Онлайн режимде мемлекеттік қызметтерді қалай алуға болады» тақырыбында. Қатысқандар саны – 8 адам.
- Презентация – «eGov mobile» тақырыбында. Қатысқандар саны – 28 адам.
- Мақала – «Жер учаскесін алу кезегіне қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидалары» тақырыбында.
- Тікелей эфир «QYZMET LIVE» – Instagram парақшасында «Жанашар ауылдық округі әкімі аппараты көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы» тақырыбында. Қамту – 1278 жазылушы.
- Инфографика – Instagram-да «Жер учаскесін алу кезегіне қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидалары» тақырыбында жарияланды. Қамту – 1294 жазылушы.
- Бейнеролик – Instagram-да «eGov mobile» мобильді қосымшасын ілгерілету» тақырыбында жарияланды. Қамту – 1294 жазылушы.
- Мақала жариялау – Instagram-да «Жер учаскесін алу кезегіне қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидалары» тақырыбында. Қамту – 1294 жазылушы.
- 1 мақала – «Еңбекшіқазақ» газетінде «Жер учаскесін алу кезегіне қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидалары» тақырыбында жарияланды. Жалпы таралымы – 1917 дана.
- 1 мақала – «Еңбекшіқазақ» газетінде Есеп – «Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы» есеп. Жалпы таралымы – 1917 дана.